Өздігінен жүзетін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiк беру
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде.
- Растау құжаттарының түпнұсқаларымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бару, егер куәлік алуға өтініш берсеңіз емтихан тапсыру қажет.
- Жеке кабинетте шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің дайын болуы туралы хабарламамен танысу ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) (тестілеуді ойдағыдай тапсырған жағдайда).
- Куәлікті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүгіну.
Уәкілетті өкіл: заңды тұлға өкілеттікті растайтын құжатты ұсынады; жеке тұлға нотариалды расталған сенімхатты ұсынады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қағаз түрінде өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жауап.