Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімде мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгей банкінде («Халық банкі» АҚ) ашылған дербес есепшотының нөмірі (IBAN).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
*Қызмет электрондық нысанда келесі қалалар мен аудандардың тұрғындары үшін қолжетімді: Ақсай, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Арқалық, Арыс, Балқаш, Жаңаөзен, Жезқазған, Қапшағай, Қарағанды, Қаражал, Қарқаралы, Кентау, Қостанай, Көкшетау, Курчатов, Қызылорда, Лисаков, Павлодар, Петропавл, Приозерск, Рудный, Риддер, Сарань, Сәтпаев, Семей, Степногорск, Талдықорған, Тараз, Текелі, Теміртау, Түркістан, Орал, Өскемен, Шахтинск, Шымкент, Екібастұз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- 1-өтініш немесе 2-өтініш.
- Жеке басты куәландыратын құжаты болуы тиіс.
- Жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің (куәліктерінің) мәліметтері немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама, Неке (ерлі-зайыптылық) қию (некені бұзу) туралы куәлік, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттан ұл асырап (қыз асырап) алу туралы мәліметтер, оқу орнынан анықтама, мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, банктік шоттың нөмірі туралы құжат, өтініште көрсетілген мүгедектік туралы анықтама «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші мынадай құжаттарды қоса береді:
- Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
- Мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама.