Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау
Қызметті онлайн алу
- «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
- «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі» сайтына өту.
Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):
- ЖКД және құжаттар негізінде толтырылған ЖКД.
Жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға:
1) жеке басын (соның ішінде кәмелетке толмаған адамның) куәландыратын құжаттар;
2) оларға қатысты кедендік декларациялау жүзеге асырылатын, жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растайтын, жеке тұлғада бар құжаттар;
3) егер тыйымдар мен шектеулерді сақтау осындай құжаттарды ұсынумен расталса, Кедендік Кодекстің 8-бабына сәйкес жеке тұлғалар сақтауға жататын тыйымдар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар;
4) көліктік (тасымалдау) құжаттары;
5) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелу шарттарының сақталуын растайтын, оның ішінде шетелдік жеке тұлғаны Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аударушы деп тануды не шетелдік жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, оралман мәртебесін алуын растайтын құжаттар;
6) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралын әкелу кезінде ресімделген және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болу үшін осындай көлік құралының шығарылғанын растайтын жолаушыларға арналған кедендік декларация;
7) Кедендік Кодекстің 343-бабы 1-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған көлік құралын немесе жеке пайдалануға арналған осындай көлік құралының бір бөлігін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер қамтылған құжаттар;
8) жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) оған иелік ету құқығын растайтын құжаттар;
9) Комиссия айқындайтын жағдайларда қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралының шыққан жерін растайтын құжаттар;
10) Кедендік Кодекстің 343-бабының 19 және 20-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
11) Кедендік Кодекстің 343-бабының 11-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда декларант атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
ЖКД тіркеу, әлде ЖКД тіркеуден бас тарту туралы уәжделген жауап.