Назар аударыңыз! ХҚКО-да электрондық қызметтерді алу жеңілдік санатына жататын тұлғаларға (зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар) ұсынылады.
Құрметті пайдаланушылар!
ХҚКО бару үшін Сізге келесіні орындау қажет:
- Брондалған уақыттың басталуына 15 минут қалғанда келу.
- Өзіңізбен бірге қолданыстағы жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс (Қазақстан Республикасында берілген суретімен жеке куәлік құжаты).
- Медициналық тексеруден өту үшін бөлімге брондалған уақыт басталғанға дейін 30 минут бұрын келу қажет.
Кезекті онлайн брондау
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз.
- ХҚКО таңдау.
- Сапар мақсатын таңдау.
«Жеңілдігі бар терезе» таңдау кезінде сіздің жеңілдік санатыңыз тексеріледі, сіздің деректеріңіз расталған жағдайда, сіз электрондық және қағаз қызметтерін алу мумкіндігі бар.
- Сапар күні мен уақытын таңдау.
Алдын ала брондау тәулігіне бір рет рұқсат етіледі.
Брондау бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардың ХҚКО жұмыс істейді.
Электрондық кезекті брондау қызметі жұмысының нәтижесімен «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетінде таныса аласыз.
Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірін тіркелген жағдайда Сізге ХҚКО-ға кезекті сәтті броньдау туралы СМС-хабарлама келіп түседі.
Автокөлікті қайта тіркеу үшін Мамандырылған ХҚКО-ға кезекті брондау кезінде сатушының ЖСН көрсету қажет.