Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою
Астана қаласы бойынша өтінім беру үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Аймақты таңдау, ЖСН немесе тегін, атын және баланың туған күнін, байланыс деректерін енгізу.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өңделген хабарламамен танысу. Кезекті әрі қарай қадағалау үшін "Балабақшаға кезек нөмірін қарау" қызметін пайдалануға болады.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) МДБМ жолдаманы келісу туралы хабарламамен танысыңыз. Қажеттілігі болғанда пайдаланушының байланыс деректерін өзектілендіру.
- Жеке кабинетте жолдамамен келіскен жағдайда («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) МДБМ-не жолдамамен танысу.
Ескерту: Қоса берілетін құжаттардың барынша көп рұқсат етілетін көлемі - 5 МБ аспауы тиіс.
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.