Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
Авиациялық персоналға куәлік алу үшін:
- ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін алу үшін Қағиданың 16-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
- әуе қозғалысы диспетчерінің куәлігін алу үшін Қағиданың 20-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
- әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін алу үшін Қағиданың 22-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
- ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің/ұшу диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігін алу үшін Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.
Авиациялық персоналға куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту үшін:
- ұшу экипажы мүшелері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін Қағиданың 19-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
- әуе қозғалысының диспетчері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
- әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін Қағиданың 23-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
- ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер/ұшу диспетчері, авиациялық станция операторы куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.
Авиациялық персоналға Куәлікке біліктілік және арнайы белгілер енгізу үшін:
- ұшу экипажы мүшелерінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін Қағиданың 41-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
- әуе қозғалысы диспетчерінің, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің/ұшу диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін Қағиданың 47-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
- әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне "Ratings" бағанына енгізу үшін":
- "В1" немесе "В2" санаттары бойынша Қағиданың 50-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
- "С" санаты бойынша Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Авиация персоналына куәлік беру (не куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту); жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайларда куәлікті және/немесе оған қосымша парақты қалпына келтіру; біліктілік және арнайы белгілердің қолданылу мерзімін енгізу немесе ұзарту; немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.