Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу
- апостиль қойылатын құжат;
- «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
- Апостиль қойғызу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшелеріне бару керек.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшелері арқылы алу (қажетті құжаттар):
Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушы немесе оның сенім білдірген өкілі өтініш білдірген кезде:
- Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат.
- Апостиль қойылатын құжаттың түрнұсқасы (түпнұсқа).
- Төлем туралы түбіртек (түпнұсқа).
* Қызмет Гаага Конвенциясы құрамына кіретін елдер үшін қолжетімді. Егер де ел Гаага Конвенциясы құрамына кірмейтін болса, онда құжаттарды заңдастыру үшін сол елдің Қазақстан Республикасындағы елшілігіне жүгіну қажет.
Қызмет көрсету нәтижесі
"Апостиль" мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру.