«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру
Қызметті порталда қалай алуға болады:
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға:
- Нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға электрондық өтінім.
- Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы және (немесе) Бағдарламасы шеңберінде 2 жылдан аспайтын ескіру мерзімі бойынша көрсетілетін қызметті алушының оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Көрсетілетін қызметті алушының ағымдағы шотында ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% ақшалай қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті болып табылмайды).
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) немесе Веб-порталда тіркеу нөмірі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
Қызметті мемлекеттік органда қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға:
- Мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім.
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі / жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама.
- Өтініш берген күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама.
- Өтінім беру сәтіндегі жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болса) расталған анықтама.
- Бизнес-жоба.
- «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы немесе Бағдарламасы шеңберінде 2 жылдан аспайтын ескіру мерзімі бар көрсетілетін қызметті алушының оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Көрсетілетін қызметті алушының ағымдағы шотында ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% ақшалай қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті болып табылмайды).
Көрсетілетін қызметті алушының атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген өкіл паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).
Қызмет көрсету нәтижесі
Грант беру туралы шарт немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап