Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу
Қызметті онлайн алу
- Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде sez.qazindustry.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- sez.qazindustry.gov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.
Қызметті "QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ - да қалай қызмет алуға болады (қажетті құжаттар):
Инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді, оның ішінде шетелде еңбек өнімділігін арттыру және/немесе Индустрия 4.0 технологияларын (элементтерін) енгізу мәселелері бойынша кәсіптік даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде:
- Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім.
- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі.
- Төлеуге жұмсалған шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың, сондай-ақ (бар болса) осындай шартқа барлық қосымшалардың және/немесе толықтырулардың көшірмесі, келісімдер.
- Өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі.
- Өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері.
- Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері және/немесе жұмыстарды орындау кезінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлын) ұстап қалу кезінде талаптарды өзара есепке алу кезінде есеп айырысудың аккредитивтік нысаны кезінде ұсынылатын көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) төленгенін растайтын құжаттар ретінде орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері.
- Басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын өтелетін кезеңге қолданыстағы құжаттардың көшірмелері (СТ-KZ сертификаты, ЕАЭО сәйкестік сертификаты, ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясы, индустриялық сертификат).
- Өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіби даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі.
- Сертификаттың көшірмесі (кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілікті арттыру.
- Іссапар орнына және тұрақты жұмыс орнына кері қарай бір рет жол жүру құнын растайтын құжаттардың көшірмелері (әкімшілік іссапарға жіберілген тиісті қозғалыс құралдарын ұсынатын жағдайлардан басқа), теміржолмен жүріп өту кезінде ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде – купе вагонының тарифі бойынша (жұмсақ дивандары төмен орналасқан 2 жергілікті купе, оның жағдайын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолар (жатын вагон), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" сыныптары бар вагондарды қоспағанда).
- Инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау (бірақ бір айдан аспайтын) және/немесе біліктілігін арттыру (бірақ үш айдан аспайтын) мерзімі ішінде тәуліктік шығындардан басқа, сыныптама бойынша нөмір құны бойынша жұмыскердің тұру құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар, осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде.
Өтініш берушінің жаңа өндірістерін құру мақсаттары үшін шетелдік қызметкерді тартуға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде:
- Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.
- Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі.
- Өтініш беруші мен тартылған шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының көшірмесі (өнімді (көрсетілетін қызметтерді) ілгерілету мақсатында шетелдік қызметкерді тартқан кезде – еңбек шартының немесе өтеулі қызметтер көрсету шартының көшірмесі).
- Төлем құжаттарының, есеп айырысу ведомостерінің, төлем ведомостерінің заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген, тартылған шетелдік қызметкерге еңбек шартына сәйкес еңбекақы төленгенін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері (өтелмелі қызмет көрсету шартын– тартылған шетелдік қызметкер көрсеткен төлем құжаттарының, актілерінің (актілерінің) көшірмелерін қоса беріп).
- Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкердің білімі мен жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Экономикалық класс тарифі бойынша – әуе көлігімен бір рет қызмет көрсету орнына бару және тұратын жеріне кері қайту жолақысының құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, растайтын құжаттар болған кезде жол жүру билеттерін броньдау, сондай-ақ іссапар орнына бару және тұрақты жұмыс орнына кері қайту кезінде поездарда төсек-орын жабдықтарын пайдалану құны, осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде.
- Өтініш берушінің өтінімі бойынша тартылған шетелдік қызметкердің шығындарын өтеу кезеңіне сәйкес келетін салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі үшін "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу" 200-02-нысанының (жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға 2-қосымша) барлық толықтыруларымен бірге, құжаттың қабылданғаны туралы уәкілетті органның белгісі бар көшірмесі.
- Тартылған шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі.
- Басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын өтелетін кезеңге қолданыстағы құжаттардың көшірмелері (СТ-KZ сертификаты, ЕАЭО сәйкестік сертификаты, ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясы, индустриялық сертификат).
- Жаңа өндірістер құруға арналған бизнес-жоспардың көшірмесі.
- Жаңа өндірістерді құруға арналған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің көшірмесі.
Өтініш берушінің жұмыс істеп тұрған өндірісін жаңғырту мақсаттары үшін шетелдік қызметкерді тартуға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде:
- Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.
- Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі.
- Өтініш беруші мен тартылған шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының көшірмесі (өнімді (көрсетілетін қызметтерді) ілгерілету мақсатында шетелдік қызметкерді тартқан кезде – еңбек шартының немесе өтеулі қызметтер көрсету шартының көшірмесі).
- Төлем құжаттарының, есеп айырысу ведомостерінің, төлем ведомостерінің, заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген, тартылған шетелдік қызметкерге еңбек шартына сәйкес еңбекақы төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері (өтелмелі қызмет көрсету шартын кезде-тартылған шетелдік қызметкер көрсеткен төлем құжаттарының, актілерінің (актілерінің) көшірмелері қоса берілгенде).
- Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкердің білімі мен жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Экономикалық класс тарифі бойынша – әуе көлігімен бір рет қызмет көрсету орнына бару және тұратын жеріне кері қайту жолақысының құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, растайтын құжаттар болған кезде жол жүру билеттерін броньдау, сондай-ақ іссапар орнына бару және тұрақты жұмыс орнына кері қайту кезінде поездарда төсек-орын жабдықтарын пайдалану құны, осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде.
- Өтініш берушінің өтінімі бойынша тартылған шетелдік қызметкердің шығындарын өтеу кезеңіне сәйкес келетін салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі үшін "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу" 200-02-нысанының (жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға 2-қосымша) барлық толықтыруларымен бірге, құжаттың қабылданғаны туралы уәкілетті органның белгісі бар көшірмесі.
- Тартылған шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі.
- Басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын өтелетін кезеңге қолданыстағы құжаттардың көшірмелері (СТ-KZ сертификаты, ЕАЭО сәйкестік сертификаты, ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясы, индустриялық сертификат).
- Өндірісті жаңғыртуға арналған жобаның бизнес-жоспарының көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту.