Ішкі нарықтағы отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ілгерілету мақсатында индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бөлігін өтеу
Қызметті онлайн алу
- Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде sez.qazindustry.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- sez.qazindustry.gov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.
«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-та қызметті алу (қажетті құжаттар):
- Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтініш нысаны.
- Өтелетін кезеңге қолданыстағы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық шыққанын растайтын құжаттардың көшірмелері (қазақстандық шыққанын растайтын құжаттар - СТ-KZ сертификаты, сәйкестік сертификаты, ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясы, Индустриялық сертификат болып табылады),
- Төлем шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген шартқа қосымшалары бар жұмыстарды/қызметтерді орындауға арналған шарттардың көшірмелері.
- Төлем шоттарының (егер төлем құжаттарында көзделсе), шот-фактуралардың көшірмелері және орындалған жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің актілері, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді төлеу фактісін растайтын банк растаған төлем құжаттары.
- Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жұмсаған шығындардың қорытындылары бойынша есеп (жұмсалған шығындардың қажеттілігін, алынған жұмыстардың және/немесе көрсетілетін қызметтердің субъектінің қызметіне жұмсаған шығындарға дейінгі және одан кейінгі әсерін көрсету).
Шығындардың түріне байланысты қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
1) отандық өңделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілетін стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде келтірілген шығындар бойынша:
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің ұйым стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шарттардың талаптарына (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері, сынақ хаттамалары, көлік құралының түрін мақұлдаудың, шасси түрін мақұлдаудың көшірмелері және басқа құжаттар) сәйкестік рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) аяқ киім өнімін таңбалауға үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын түсіруге арналған жабдықты сатып алуға байланысты жеңіл өнеркәсіп субъектілерінің шығындары:
сәйкестендіру құралдарын, сондай-ақ өнімді шығару сатысында сәйкестендіру құралдарын түсіру бойынша баспаханалық қызметтерді сатып алу (алу) бойынша:
сәйкестендіру құралдарын сатып алуды растайтын шарттың және (немесе) келісімнің көшірмесі;
сәйкестендіру құралдарын немесе материалдық тасығыштарды түсіруге арналған жабдықтарды, сондай-ақ инженерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға:
бағдарламалық жабдықтауды және жеткізу және пайдалануға беру фактісін растайтын құжаттарды қоса алғанда, жабдықты жеткізуге арналған шарттың және (немесе) келісімнің, оның ішінде лицензиялық келісімнің көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Шығыстарды өтеу туралы келісім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.