Енді салық есептілігін кері қайтару оңайырақ болды Баспаға шығару нұсқасы
2019 жылғы 7 тамыз2019 жылғы 7 тамыз "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ eGov порталында "Салық есептілігін кері қайтарып алу" жаңа қызметі қолжетімді екенін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қолдауымен "Салық есептілігін кері қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін оңтайландыру бойынша жол картасын іске асыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" порталында жаңа қызмет іске қосылды, сондай-ақ кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
■ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген Салық кодексінің шеңберінде:
■ салық есептілігін кері қайтарып алу режимі өзгертілді;
■ салық есептілігін кері қайтарып алуға өтініштің сыртқы түрі өзгертілді.
■ енді eGov порталында онлайн өтінім беруге және қызметті үйден шықпай-ақ алуға болады.
Пайдаланушы салық есептілігін "электрондық үкіметтің" порталы арқылы кері қайтарып алу мүмкіндігіне ие болғанын атап өтеміз. Ол үшін eGov порталында салық есептілігін кері қайтарып алуға өтініш толтыру қажет, бұл ретте пайдаланушы туралы деректер мемлекеттік деректер қорында автоматты түрде тексеріледі.
EGov порталындағы қызметтер бойынша туындаған сұрақтар бойынша Бірыңғай байланыс орталығына "1414" нөмірі арқылы хабарласуыңызға (Қазақстан бойынша тегін) немесе 1414.kz пікіріңізді қалдыруыңызға болады.
Салық төлеушінің кабинетінде/СЕӨЖ-дегі қызметтер бойынша туындаған сұрақтарыңызды СЕӨЖ / Салық төлеушінің кабинеті ақпараттық жүйесін пайдаланушыларды қолдау қызметінің электрондық поштасына sonosd@mgd.kz жіберуіңізге болады.