Сервистің атауы
Электрондық өтініш
Алу тәртібі
1. Порталда авторландыру қажет.
2. Міндетті түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) ЭЦҚ талап етіледі.
3. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 3-бабы 4-бөлігінің 1-тармағында белгіленген тәртіпке байланысты өтініштерді беру өтініштердің көрсетілген санаттарының бірін таңдаумен қолдап отырылатын:
«Мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне өтініштер», «Қылмыстық істер бойынша өтініштер», «Азаматтық істер бойынша өтініштер», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өтініштер».
«Мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне өтініш білдіру» санаты үшін:
- Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 76-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтінішті, хабарды, ұсынысты, үн қатуды, сұрау салуды қарау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.
- Көрсетілген мерзім дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты қисынды мерзімге, бірақ 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.
- Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 91-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайды.
«Қылмыстық істер бойынша өтініштер» санаты үшін:
- Кодекстің 105-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын берілген адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар оларды алған кезден бастап 7 тәулік ішінде міндетті түрде қаралуға жатады.
- Ұстап алу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымынан шеттету, санкцияланбаған қарап-тексеруді, тінтуді, алуды жүргізу, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұру кезіндегі заң бұзушылықтарға шағымдар оларды алған кезден бастап 3 тәулік ішінде қаралуға тиіс.
- Іс Кодекстің 486-бабының 3 және 4-бөліктерінің тәртібімен соттан талап етілген жағдайда, наразылық келтіру туралы өтінішхатты прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап 30 тәулік ішінде кассациялық тәртіппен қарауға тиіс.
«Азаматтық істер бойынша өтініштер» санаты үшін:
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама келіп түскен күнінен бастап 10 тәулік ішінде қаралуға жатады (Кодекстің 826-3-бабының 1-бөлігі).
- Іс Кодекстің 486-бабының тәртібімен соттан талап етілген жағдайда, наразылық келтіру туралы өтінішхатты прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өтініштер» санаты үшін:
- Кассациялық наразылық келтіру туралы өтініш келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде, ал іс талап етілген кезде – іс Бас прокуратураға келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде қаралады.
Сағат 18:30 кейін уәкілетті органға түскен өтініштер, жұмыс күнінің аяқталуына байланыстты, келеси жұмыс күні сағат 9:00 -ден бастап тіркеледі.
Мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне өтініштер
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 76-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтінішті, хабарды, ұсынысты, үн қатуды, сұрау салуды қарау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілген мерзім дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты қисынды мерзімге, бірақ 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 91-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайды.
Электрондық өтініштерді, шағымдарды, хабарламаларды, ұсыныстарды, үн қатуларды, сұрау салуларды қабылдау Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес айқындалған арыздар, шағымдар, хабарламалар, ұсыныстар, үн қатулар, сұрау салулар үшін ғана арналған.
Өтінішті (өтініш, шағым, үн қосу, ұсыныс, хабарлама) төменде орналасқан «Беру» батырмасын басу арқылы немесе осы жерді басу арқылы беруге болады.
Қылмыстық істер бойынша өтініштер
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 100 – бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер жүргізілетін іс жүргізу әрекеттері олардың мүдделерін қозғайтын болса, процеске қатысушылар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасай алады.
Кодекстің 105-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамдар берген әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар оларды алған кезден бастап 7 тәулік ішінде міндетті түрде қаралуға жатады.
Ұстап алу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымынан шеттету, санкцияланбаған қарап-тексеруді, тінтуді, алуды жүргізу, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұру кезіндегі заң бұзушылықтарға шағымдар оларды алған кезден бастап 3 тәулік ішінде қаралуға тиіс.
Шағымдарды тексеру үшін қосымша материалдарды талап етіп алдыру не өзге де шаралар қолдану қажет болатын ерекше жағдайларда шағым берген адамдарға бұл туралы хабарлай отырып, шағымдарды 15 тәулікке дейінгі мерзімде қарауға жол беріледі.
Кодекстің 486-бабының 1-бөлігіне сәйкес заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты сотталған, ақталған адам, олардың қорғаушылары, оның ішінде үкім, қаулы жарияланғаннан кейін іс бойынша іс жүргізуге кірген қорғаушылар, олардың заңды өкілдері, жәбірленуші (жеке айыптаушы), олардың өкілдері мен заңды өкілдері, сондай-ақ сот актілерінде мүдделері қозғалатын басқа да адамдар және олардың өкілдері бере алады.
Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері мен заңды өкілдері үкімге азаматтық талап қоюға қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.
Іс соттан Кодекстің 486-бабының 3 және 4-бөліктерінің тәртібімен талап етілген жағдайда, наразылық келтіру туралы өтінішхатты прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап 30 тәулік ішінде кассациялық тәртіппен қарауға тиіс.
Бұл мерзім істің күрделілігіне немесе үлкен көлеміне қарай, бірақ әрбір ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Өтінішті «Онлайн сұрау» батырмасын басу арқылы беруге болады.
Азаматтық істер бойынша өтініштер
Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – Кодекс, АІЖК) 435-бабының
1-бөлігіне сәйкес Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілерін даулау туралы өтінішхатты тараптар, іске қатысушы адамдар, сот актілерінде мүдделері қозғалатын басқа да адамдар және олардың өкілдері бере алады.
Кодекстің 435-бабының 2-бөлігіне сәйкес Бас Прокурор Кодекстің 54-бабының 2-бөлігінде көзделген істер бойынша осы баптың 1-бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаттары бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіруге құқылы.
Кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат ол келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде, ал іс талап етілген кезде – іс Бас прокуратураға келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде қаралады.
Мерзімдер АІЖК-нің 122-бабының 2-бөлігінде, 123-бабында көзделген тәртіппен есептеледі.
Өтінішті қарау мерзімін Бас прокурор не Бас Прокурордың орынбасары ұзартады.
Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 169-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес заңды күшіне енген сот шешімдері мен ұйғарымдарына әкімшілік процеске қатысушылар кассациялық тәртіппен шағым жасай алады.
Кассациялық шағымдану тәртібі және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Азаматтық іс жүргізу кодексінің қағидаларында айқындалады.
ҚІЖК-нің 169-бабының 3-бөлігіне сәйкес Бас Прокурор ҚІЖК-нің
31-бабында көзделген істер бойынша осы баптың 2-бөлігінде көрсетілген адамдардың өтініштері бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіруге құқылы.
Өтінішті қарау мерзімін Бас прокурор не Бас Прокурордың орынбасары ұзартады.
Өтінішті «Онлайн сұрау» батырмасын басу арқылы беруге болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өтініштер
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс)
826-1-бабына сәйкес өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адам, жәбірленуші, оның өкілі, жеке тұлғаның заңды өкілдері, дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) шағым жасай алады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым келіп түскен күнінен бастап 10 тәулік ішінде қаралуға жатады (Кодекстің 826-3-бабының 1-бөлігі).
Кодекстің 851-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатта әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның, жәбірленушінің, олардың заңды өкілдерінің, қорғаушыларының, заңды тұлғалар өкілдерінің кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беру құқығы бар.
Іс Кодекстің 486-бабының тәртібімен соттан талап етілген жағдайда, наразылық келтіру туралы өтінішхатты прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Өтінішті «Онлайн сұрау» батырмасын басу арқылы беруге болады.