Қызмет «электрондық үкімет» веб-порталында пилоттық режимде іске қосылды.
Көрсетілетін қызметті онлайн қалай алуға болады
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Онлайн-қызмет туу туралы актілік жазба болған жағдайда көрсетіледі. Тіркеу болмаған жағдайда, Egov.kz басты бетінде, "Мәліметтерді түзету сервистері" бөлімінде "Азаматтықхал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" сервисінің көмегімен оны цифрлау мүмкіндігі бар.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы алу (қажетті құжаттар):
Қызметті алушы (немесе нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі)
- 5-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.
-
Жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Туу туралы куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Өтініш берушінің деректерінде баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен айырмашылық болған кезде – некені (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу туралы куәлік) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса, жыл сайын берілетін 29-қосымшасына сәйкес оқу орнының анықтамасы.
- Сот шешімі (ерлі-зайыптылар арасында неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде балалардың ата-анасының бірімен бірге тұратынын растау үшін).
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
Проактивті қызмет арқылы:
- Жәрдемақы тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің мәліметтері немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме, Неке (ерлі-зайыптылық) қию (бұзу) туралы куәлік, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтер, банк шотының нөмірі туралы мәліметтер, электрондық өтініште көрсетілген қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.
Порталда жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
Проактивті қызмет арқылы қызмет көрсетілген кезде қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы ұсынылады.