Мобильді азаматтар базасында (МАБ) абоненттік нөмірді тіркеу жөніндегі нұсқаулық Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 01.07.2026

Мобильді азаматтар базасы (МАБ) - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алу, бір реттік SMS-код арқылы әрекеттерді растау, сондай-ақ eGov.kz порталында көрсетілетін қызметтерге кіру және қол қою үшін пайдаланылатын мобильді нөмірлердің бірыңғай базасы.

Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу үшін:

  • байланыс операторында атыңызға тіркелген жарамды мобильді телефон нөмірі болуы қажет.

МАБ-та сәтті тіркелгеннен кейін сіз авторизациядан өтіп, электрондық қызметтерге SMS-пароль арқылы қол қоя аласыз.

1-қадам. МАБ-та нөмірді қалай тіркеуге болады

eGov.kz порталына өтіп, келесі бөлімді ашыңыз: Азаматтарға-Көлік және коммуникациялар-Коммуникациялар, «Мобильді азаматтар базасында абоненттік нөмірді тіркеу» қызметін таңдаңыз және «Қызметті онлайн алу» батырмасын басыңыз.

2-қадам. Пайдаланушыны тексеру

ЖСН енгізіп, «Сұрау салу жіберу» батырмасын басыңыз.

3-қадам. Телефон нөмірін растау

Жүйе сіздің ЖСН-ге тіркелген мобильді телефон нөмірін көрсетеді. 

Егер ЖСН-ге бірнеше нөмір тіркелген болса, Мобильді азаматтар базасында тіркеу қажет нөмірді таңдаңыз.

«Бір реттік SMS-кодты жіберу» батырмасын басыңыз.

4-қадам. SMS-код арқылы растау

1414 нөмірінен таңдалған телефон нөміріне келген бір реттік SMS-кодты енгізіп, «Растау» батырмасын басыңыз.

5-қадам. Тіркеуді аяқтау

Растау сәтті аяқталғаннан кейін Мобильді азаматтар базасында тіркеу аяқталады.

Назар аударыңыз

  • Нөмір мобильді операторда сіздің ЖСН-ге тіркелген болуы тиіс.
  • SMS-код 1414 нөмірінен жіберіледі.
  • SMS келмеген жағдайда желі қолжетімділігін тексеріп, қайта әрекет етіңіз.
  • Техникалық қателер туындаған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі арқылы хабарласыңыз.

Маңызды! Мобильді азаматтар базасында тек өз атыңызға тіркелген мобильді телефон нөмірін ғана тіркеуге болады. Басқа тұлғаның атына тіркелген телефон нөмірін өз атыңызға тіркеуге немесе қайта тіркеуге болмайды. МАБ-та тіркелу үшін мобильді байланыс операторының нөмірін алдын ала өз атыңызға қайта ресімдеу қажет.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.