Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Барлық қажетті файлдарды тіркеңіз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы») сұрау нәтижесі туралы хабарламаны оқыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
Спорт мектептеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін:
- Спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
- Өтініш.
- Спорт объектісі (үй - жай) туралы мәліметтер.
- Спорт мектебінің спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында жасалған қолданыстағы шарт.
- Спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама.
- Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтардың көшірмелері.
Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін:
- Спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
- Өтініш.
- Спорт объектісі (үй - жай) туралы мәліметтер.
- Спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы жасалған қолданыстағы шарт.
- Спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама.
Қызмет көрсету нәтижесі
Спорт мектептеріне немесе спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтың көшірмесі.
Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат.