Ұл баланы асырап алу (қыз баланы асырап алу) - нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны. ҚР баланы асырап алу тәртібі мен шарттары туралы толығырақ білу.
Патронат - жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны.
Қорғаншылық - он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Қамқоршылық – он төрттен он сегіз жасқа дейінгі баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Осылайша, қалыптасқан жағдайға байланысты, сіз мынаны түсінуіңіз қажет, егер сіз отбасыңызға баланы қабылдап, ол үшін туған балаңыздай жауапкершілікті артуға дайын болсаңыз, оның келешекте мүлікке құқық иеленуіне дайын болсаңыз, онда баланы асырап алуға тоқталуыға болады. Бұл ретте барлық шығындарды сіз өзіңізге аласыз.
Қақмқоршылық пен қорғаншылық көп жағдайда жалпы мүліктік құқықтарды анықтайды, алайда бұл қамқоршы немесе қорғаншы қамқорындағының қамын ойламау керек деген сөз емес. Қамқоршылық немесе қорғаншылықтың асырап алудан басты айырмашылығы әрекет қабілеттілігін және жасын шектеу аспектілері болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл жасына немесе денсаулығына байланысты өзінің құқықтарын дербес қорғай алмайтын және мүлкін басқара алмайтындарға көмек.
Егер сіз баланы туысқандық және мүліктік құқықтарға иеленусіз тәрбиелеу неғұрлым қолайлы деп есептесеңіз, онда бұл жағдайда патронатты таңдау қажет. Баламен қарым-қатынас бұл жағдайда қамқоршылық және қорғаншылық органымен реттеледі, ал патронат ақылы негізде және белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады. Бірақ сіз баланы өз есебіңізден асырауға міндетті емессіз, бұдан басқа сізге еңбекақы төленеді.
Балалардың патронаттық тәрбиесі көптеген отбасыларға және жұптарға келеді. Патронат балаға жылы отбасылық атмосферада тәрбилену мүмкіндігін берсе, ал патронаттық тәрибешіге баланың қамын ойлауға және онда жақсы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кейде балалары жоқ немесе балалары өсіп кеткен және өздігінен өмір сүретін жұптар балаларды патронаттық тәрбиеге алады. Патронаттық тәрбие – бұл сондай-ақ бір балаға қолайлы отбасылық жағдайда өсуге көмектесе отырып, өзінің әлеуметтік парызын орындау мүмкіндігі.
Шын мәнісінде патронат балаға қамқоршылық немесе қорғаншылықты белгілеу нысаны болып табылады. Патронаттың басты артықшылығы бала отбасылық ортаға келе отырып, толыққанды күтім, қамқорлық пен назарды алатындығында, отбасында тұру тәжірибесіне, жеке өмір сүру дағдыларына ие болады. Бұл сияқты нысан ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың болашақтағы тағдырын толығымен нақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Аталмыш нысанның негізгі мақсаты – баланың әлеуметтенуі, отбасындағы өмір тәжірибесін алу.
Патронат тәрбиеші өзіне берілген баланы тәрбиелеу, ұстау және оқыту бойынша қызметтерді көрсетеді. Осыған орай, білім бөліміне немесе жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеге патронаттық тәрбиеші жұмысқа қабылданбайды және қабылдау туралы бұйрық шығарылмайды.