Айдар парағына өту

Көлік құралын қайта жабдықтау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 31.10.2023

Ережеге сәйкес, Қайта Жабдықтау – алып тастау көзделмеген немесе көзделген көлік құралының конструкциясында жабдықтау заттарына және құрамдық бөлшектерді, жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін.

Көлік құралын қайта жабдықтауға рұқсат алу үшін электрондық үкімет порталы арқылы жүгінуге болады еgov.kz немесе / және жазбаша түрде әкімшілік полицияның аумақтық бөлімшесіне жібереді.

Көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуді келісу үшін өтініш берушілер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органға (әкімшілік полиция басқармасының аумақтық бөлімшелері) өтініш беруі қажет.:

  • заңды тұлға туралы мәліметтер (ұйымның деректемелері) немесе тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы (жеке тұлғалар үшін);
  • заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің нөмірі және берілген күні;
  • базалық көлік құралының маркасы, моделі;
  • көлік құралы Шығарылған жылы;
  • базалық көлік құралының мемлекеттік нөмірлік белгісі;
  • ұсынылған конструкцияға өзгерістер енгізудің мәні бойынша дәлелді ұсыныс;
  • ұйым басшысының қолы қойылған ұйымның мөрімен (заңды тұлғалар үшін) расталған өтінішті жасау күні немесе өтініш берушінің қолы (жеке тұлғалар үшін).

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Әкімшілік полиция басқармасының аумақтық бөлімшесі көлік құралының конструкциясына тиісті өзгерістер енгізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды, онда оң шешім болған жағдайда, қажет болған жағдайда көрсетілетін:

а) көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу және техникалық регламент талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізу тәртібі;

б) көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі мәніне алдын ала техникалық сараптама жүргізу қажеттілігі.

Көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу​​

Көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі тұрғысынан конструкцияға алдын ала техникалық сараптама жүргізу (қажет болған жағдайда)

Конструкциясы енгізілген өзгерістермен көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру үшін техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау және техникалық байқау жүргізу

Көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік алу

Көлік құралының тіркеу құжаттарына тиісті өзгерістер енгізу

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.