Айдар парағына өту

Екпелерден бас тарту және бас тарту үшін жауапкершілік Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 25.10.2019

1271537693_157526_image_large.jpg

Көптеген ата-аналарды жоспарлы екпелерден бас тартуға бола ма деген сұрақ мазалайды. Балалар екпесін алудан бас тарту – ол ата-ананың құқығы,немесе қамқоршылардың, себебі олар өз перзентінің өмірі мен денсаулығы үшін ол 18 жасқа толғанға дейін жауапты. Бірақ егер сіз екпеден бас тартуға бел бусаңыз, бас тарту заңды және медициналық тұрғыдан саналы қадам болуы тиіс. Бұдан басқа ол болашақта емханалармен, балабақшамен және мектеппен ешқандай қиындықтар туындамауы үшін дұрыс рәсімделуі тиіс.

Екпелерден бас тартуға бола ма?

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі 156-бабына сәйкес ҚР аумағында тұратын жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында инфекциялық және паразитарлық ауруларға қарсы профилактикалық екпелерді алуға міндетті.

Профилактикалық екпені енгізу алдында медицина қызметкері егілетін адамды қарап-тексеруді жүргізеді. Медицина қызметкері оған не оның заңды өкіліне профилактикалық екпе, ықтимал жанама әсерлері, олардан бас тарту салдарлары, вакцинадан кейінгі ықтимал асқынулар туралы толық және объективті ақпарат береді.  

Жазбаша нысанда берілген келісімнің не бас тартудың болуы профилактикалық екпе жүргізудің шарты болып табылады.

Инфекциялық аурулардың өршуін болдырмау мақсатында балалар балалардың  ұйымдасқан ұжымдарына профилактикалық екпелерді алғаннан кейін жіберіледі. Тіркеуді әр жағдайында ұйымдасқан ұжымдарда инфекциялық ауруларды тіркеген жағдайда егілмеген адамдар яғни, инфекциядан қорғалмаған адамдар осы мекемелерге аурудың тоқтатылуына дейін келуден шеттетіледі, себебі инфекциялардан қорғалмаған.

 Екпеден бас тартудың салдарлары қандай? Осындай қадамнан кейінгі ықтимал келеңсіздіктерге мыналар жатады:

  • сіздің балаңыздың ауырып қалуы және отбасы мүшелеріне жұқтырудың жоғары қаупі. Салдарлары қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, мысалы полиомиелитпен ауырғаннан кейін ол мүгедек болып қалуы мүмкін;

Терісі  және шырышты қабықтары бұзылып жарақат алған, немесе жануарлар тістеген кезде сіреспе және құтыру ауруларына шалдығудың жоғары қатері. Кез келген бала осы инфекцияларға шалдығу қатері жоғары  жарақат алудан немесе жануарлардың тістеуінен кепідендірілмеген. Сіреспеден тек сіреспеге қарсы екпе енгізу және  сарысуды уақтылы жедел енгізу арқылы қорғалуға болады.

  • сол елде болудың халықаралық медициналық-әлеуметтік ережелері немесе халықаралық шарттарға сәйкес нақты профилактикалық екпелерді талап ететін елге кіруге тыйым салынады;
  • орындалуы инфекциялық аурулармен ауырудың жоғары қаупімен байланысты жұмысқа қабылдаудан бас тарту.

Екпеден бас тарту балабақшаға немесе мектепке қабылдаудан бас тарту себебі бола ала ма?

Сонымен заң бойынша, ата-аналары бала егіле ме жоқ па соны шешетін болады.Профилақтикалық екпені алмаған   бала балабақшаға және мектепке баруға құқылы. Осыған қарамастан тәжірибеде, қызыңызды немесе ұлыңызды мектепке дейінгі мекемеге орналастыру кезінде,егілмеген балалардың ата-аналары кейбір кедергілермен ұшырасады.

Қазіргі уақытта ҚР балада екпенің болмаған жағдайда балабақшаға немесе мектепке бару құқықтарын шектейтін заңнамалық актілер жоқ. Екпелердің болмауыбалаларды балардың ұйымдасқан ұйымдарына қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды.

Сонымен қатар ұйымдасқан ұжымдарда инфекциялық ауруларды тіркеудің әр жағдайында егілмеген балалар балалар мекемелеріне барудан ауру тоқтағанға дейін және жұқтырып алып,  ауырып қалуға және, әрине, кейіннен инфекция көзіне айналуға мүмкін инфекциядан қорғалмағандығына байланысты шеттетілуі тиіс.

Бірақ профилактикалық екпелерден бас тарта отырып, ата-аналар баланы инфекциядан және оның салдарларынан қорғау құқығынан айыратынын атап өткіміз келеді. Тәжірибе көрсеткендей, егілмеген адам ауырғанда инфекция әдетте ауыр нысанда асқынумен және кейде өлім жағдайына әкелумен өтеді. Қалыптасқан жағдайда бала қауіпті инфекцияларға қарсы иммунитеті болмайды, осы арқылы аталмыш аурулардан асқынулардың қалыптасуы және инфекциялануының маңызды қаупіне ұшырайды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.