Мемлекеттік қызметтер
және ақпарат онлайн
Бірыңғай байланыс орталығы
14148-800-080-7777
Қоңырау шалу тегін

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

Айдар парағына өту

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді,  құжаттарды дайындаудың ақпараттық-өндірістік жүйесінде бастапқы тіркелген кезде жеке тұлға үшін  құрылады.

 ЖСН бірегейлік және өзгермеушілік қағидаттарын ескере отырып қалыптастырылады. ЖСН деректерінің құрылымында пайдаланылатын әртүрлі деңгейдегі ақпараттық банктер деректерінің тұтастығын сақтау мақсатында ол бастапқы қалыптастырылған сәттен бастап қандай да бір түрлендіруге немесе қайта құруға жатпайды.

ЖСН Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің бет жағында туған күнінен төмен қарай берілген 12 цифрдан тұрады, Қазақстан Республикасы азаматының паспортында 32-бетте орналасқан.  

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223  Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес жеке куәліктерінің бет жағында ЖСН көрсетілмеген жеке басын куәландыратын құжаттарды (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігі) қайта ресімдеу 2007 жылғы 13 тамыздан бері басталды 

Жеке басын куәландыратын құжаттарды ЖСН көрсетілген паспортқа не жеке куәлікке қайта рәсімдеу үшін ҚР азаматтары тұрақты тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ (ХҚКО) мынадай құжаттарды ұсыну  қажет: 

-  ауыстыруға жататын  паспорт не жеке куәлік;

-  мемлекеттік баж төленгені туралы құжат   (мемлекеттік бажды төлеуден босатылған адамдар қастайтын құжаттарды ұсынады).

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хатының бет жағында ЖСН көрсетілмеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінің 32-бетіндегі мәтінде 12 цифрдан құралған ЖСН көрсетілмеген шетел азаматтары бұрын берілген құжаттарын ЖСН бар Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хатқа немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігіне қайта ресімдеу үшін келген орны бойынша аумақтық ішкі істер органдарына хабарласады  

Cоңғы өзгеріс: 25.12.2017

URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.