Айдар парағына өту

Субсидияларды алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге, жеке және заңды тұлғаларға қойылатын өлшемшарттар Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 19.08.2021

Сондай-ақ қараңыздар:

Субсидиялау бағыты

Өлшемшарттар

САЖ-да субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру әдісі

Өтінімді беру мерзімі

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

Өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да барлық мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 15 сәуірден 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

1. Өсімді молайтуда асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды мынадай талаптарға сәйкес пайдалану:
1) жиырма бес аналық басқа кемінде бір асыл тұқымды тұқымдық бұқа;
2) шағылыстыру маусымын қатарынан екі реттен артық пайдаланбау;
3) жасы ағымдағы жылдың 1 маусымына 12 айдан кем болмауы;
4) бұрын тұқымдық түрлендіруде пайдаланылмаған.
2. Төлдің тууы 65%-дан кем емес, оны САТЖАҚ-да тіркеу және анасына бекіту (өтінім берілген сәтке дейін кемінде 12 ай бұрын САТЖАҚ-да алғаш рет тіркеген тауар өндірушілерді қоспағанда).
3. Ауыл шаруашылығы кооперативі үшін – ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері бойынша мәліметтердің ірі қара малдың аналық басының иелері туралы мәліметтермен сәйкестігі.

САТЖАҚ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

1) аналық баста тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) өсімді молайтуда бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды мынадай шарттарға сәйкес пайдалану:
- жиырма бес аналық басқа кемінде бір тұқымдық бұқа, ағымдағы жылғы 1 маусымға жасы 12 айдан кем емес немесе аналық басты асыл тұқымды тұқымдық бұқаның ұрығымен қолдан ұрықтандыру;
3) төлдің тууы 75%-дан кем емес, оны САТЖАҚ-да тіркеу және анасына бекіту (өтінім берілген сәтке дейін кемінде 12 айдан аз уақыт ішінде САТЖАҚ-да мал басын алғаш рет тіркеген тауар өндірушілерді қоспағанда);
4) ауыл шаруашылығы кооперативі үшін – ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері бойынша мәліметтердің ірі қара малдың аналық басының иелері туралы мәліметтермен сәйкестігі;
5) мал басында сәйкестендірудің электрондық тәсілдерінің болуы (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап).

САТЖАҚ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл;

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

1) өтінімді берген сәтте пайдаланылатын тұқымдық бұқаның САТЖАҚ-да және АЖБ-да тіркелуінің болуы және деректерінің сәйкестігі;
2) етті мал шаруашылығындағы операторда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға үміткер тауар өндіруші инфрақұрылымының сәйкестігіне арнайы комиссияның оң қорытындысы бар бордақылау алаңының есептік нөмірінің және сертификатының болуы;
3) етті мал шаруашылығындағы оператордың шаруашылықпен/ауыл шаруашылығы кооперативімен жасалған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды жалдау шартының (бордақылау алаңы қуатының 30%-нан аспайтындай есеппен асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды тарату) немесе осы өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған қоғамдық табынға асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекітіп беру және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары-мал иелерінің жиыны хаттамасының болуы;
4) асыл тұқымды бұқаларды жалға беру және асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды мынадай нормативтерге сәйкес пайдалану: жиырма бес аналық басқа кемінде бір асыл тұқымды тұқымдық бұқа есебінен (асыл тұқымдық мәртебесі жоқ аналық бас есепке алынады);
ағымдағы жылдың 1 маусымына жасы 12 айдан кем болмауы;
қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау.

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 15 сәуірден 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

3.

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) тауар өндірушіде (етті мал шаруашылығындағы операторларды қоспағанда) өзінің аналық басының болуы;
3) мал басында тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
4) сатып алынған мал басының жасы сатып алу сәтінде (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте): қашарлар - 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда); құнажындар - 13 айдан 26 айға дейін (қоса алғанда); бұқашықтар - 26 айға дейін (қоса алғанда);
5) өсімді молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өлім-жітімнің зоотехникалық нормасы шегінде пайдалану - кемінде екі жыл;
6) сатып алынған асыл тұқымды бұқаларды тауарлық немесе асыл тұқымды табынға пайдалануға қою (тауарлық табында пайдалану кезінде асыл тұқымды мәртебесі жоқ аналық бас ескеріледі; асыл тұқымды табында пайдалану кезінде асыл тұқымды аналық бас ескеріледі).

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

4.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу

5.

Тұқымдық шығу тегіне сәйкес келетін ірі қара малдың импортталған аналық басын сатып алу

1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) экспорттық сертификаттың немесе асыл тұқымды бұқа карточкасының және асыл тұқымды сиыр/қашар карточкасының немесе асыл тұқымды куәліктің болуы;
3) сатушыдан (экспорттаушыдан) карантинге қойылған кездегі сатып алынған аналық мал басының жасы 6 айдан 27 айға дейін қоса алғанда аспайды;
4) өсімді молайту мақсатында сатып
алынған асыл тұқымды аналық мал басын
өлім-жітімнің зоотехникалық нормасы
шегінде пайдалану - кемінде екі жыл;
5) тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата ұсынған бонитер берген бағалау ведомосі бар қорытындының болуы.

6.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал соятын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да өткізілген немесе орны ауыстырылған бұқашықтардың тіркелуінің болуы және мәліметтердің сәйкестігі;
2) бордақылау алаңына өткізілген немесе орны ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының тірідей салмағы 200-ден 300 килограмға дейін, ет өңдеуші кәсіпорынға – 400-ден 450 килограмға дейін;
3) ірі қара малдың еркек дарақтарының жасы 7-ден 18 айға дейін (қоса алғанда);
4) бордақылау алаңдарына немесе сою қуаты тәулігіне 50 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы;
5) өткізілетін немесе орны ауыстырылатын бұқашықтар аналарына бекітіліп, асыл тұқымды аталықтан немесе асыл тұқымды аналықтан туылуы тиіс.

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген немесе орны ауыстырылғаннан бастап алты айдың ішінде беріледі)

7.

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорынға арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы, онда:
1) жобалық қуаты тәулігіне кемінде 1500 бас болатын ірі қара малды соятын және етін сүйектен ажырататын өз жабдығының болуы;
2) сойылған ірі қара малдың қалдықтарын кәдеге жарататын өз жүйесінің болуы;
3) халықаралық сапа стандартына (халықаралық аудитпен, тиісті сертификатпен расталған) сәйкес болуы.

САТЖАҚ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген өнім үшін төлем алынған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу

1) аналық мал басында тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) тұқымдық бұқалар ұрығының асыл тұқымдық құндылығы индекстерінің: асыл тұқымдық сапаларының кешенді индексі, бағалаудың сенімділігі, сүт сауымы, тоңмай, өнімді тіршілік ету кезеңі, төлдеу жеңілдігі, ұрықтылығы, соматикалық жасушалардың құрамы болуы;
3) сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығына Республикалық палата берген электронды асыл тұқымды куәліктің болуы;
4) қажеттілік нормасы (бір басқа екі доза есебінен);
5) мал басында сәйкестендірудің электрондық тәсілдерінің болуы (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап);
6) төлдің тууы 75%-дан кем емес, оны САТЖАҚ-да тіркеу және анасына бекіту (өтінім берілген сәтке дейін кемінде 12 айдан аз уақыт ішінде САТЖАҚ-да мал басын алғаш рет тіркеген тауар өндірушілерді қоспағанда).

САТЖАҚ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

1.1

Бір жынысты

1.2

Қос жынысты

2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу

1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) аналық мал басында тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
3) сатып алынған мал басының жасы сатып алу сәтінде (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте): қашарлар - 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда); құнажындар - 13 айдан 26 айға дейін (қоса алғанда);
4) өсімді молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өлім-жітімнің зоотехникалық нормасы шегінде пайдалану - кемінде екі жыл.

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

3.

Сүт өндіру құнын арзандату:

өтінімді берген сәтте аналық мал басының САТЖАҚ-да және АЖБ-да тіркелген болуы және деректердің сәйкестігі (ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоспағанда).

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

3.1

Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

1) әр сиырдан май, ақуыз және соматикалық жасушалар көрсеткіштері бойынша сауылымға зоотехникалық бақылау жүргізу үшін ай сайын сүт сынамаларын іріктеудің болуы (аккредиттелген зертханаларда);
2) азықты жыл сайынғы зоотехникалық талдау;
3) пайдалануға берілген немесе тиісті инфрақұрылыммен жаңғыртудан өткен, сиырларды байламай ұстауға арналған қора-жайы, автоматтандырылған сауу қондырғысы бар, сауу залы (карусель, шырша, параллель, тандем, роботталған машина), азықтық цехтары, ветеринариялық пункты бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.

3.2

Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық

1) әр сиырдан май, ақуыз және соматикалық жасушалар көрсеткіштері бойынша сауылымға зоотехникалық бақылау жүргізу үшін ай сайын сүт сынамаларын іріктеудің болуы (аккредиттелген зертханаларда);
2) азықты жыл сайынғы зоотехникалық талдау;
3) пайдалануға берілген немесе тиісті инфрақұрылыммен жаңғыртудан өткен, тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, автоматтандырылған немесе машинамен саууға арналған жабдығы, азықтық цехтары, ветеринариялық пункті бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.

3.3

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

1) әр сиырдан май, ақуыз және соматикалық жасушалар көрсеткіштері бойынша сауылымға зоотехникалық бақылау жүргізу үшін ай сайын сүт сынамаларын іріктеудің (аккредиттелген зертханаларда) болуы;
2) тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, машина саууға арналған жабдығы, сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай; тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, машинамен сауу; ветеринариялық препараттарды сақтау орны, малға арналған бекіткіші бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.

3.4

Ауыл шаруашылығы кооперативі

1) жеке сүт қабылдау пунктінің болуы немесе сүт өңдеу зауытынан 100 километрге (қоса алғанда) дейінгі қашықтық болғанда меншікті/жалға алынған сүт тасығыштың болуы;
2) дайындалған сүтті сүт өңдеуші кәсіпорынға өткізу.

4.

Ірі қара малдың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату

1) эмбрионның асыл тұқымды құндылық индекстерінің: асыл тұқымдық сапасының кешенді индексі, бағалаудың сенімділігі, сүт сауымы, тоңмай, өнімді тіршілік ету кезеңі, төлдеу жеңілдігі, ұрықтылығы, соматикалық жасушалардың құрамы;
2) эмбрионға асыл тұқымды куәліктің (сертификаттың) болуы.

САТЖАҚ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

5.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау

1) субсидия алуға арналған өтінімде көрсетілген аналық мал басының САТЖАҚ-да және АЖБ-да тіркелген болуы және деректердің сәйкестігі;
2) шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаның ұрығымен қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша шарттың болуы;
3) осы өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын ұрықтандыру және зерттеп-қарау туралы актінің болуы;
4) асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың таңбаланған ұрығына Республикалық палата берген асыл тұқымдық куәліктің болуы.

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

Етті құс шаруашылығы

1.

Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

1) өтінімді берген сәтте асыл тұқымды тәуліктік балапанның САТЖАҚ-да тіркелген болуы;
2) Республикалық палата берген асыл тұқымды мәртебенің болуы.

САТЖАҚ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

2.

Құс етін өндіру құнын арзандату

1) жылына 500 тонна құс етінің нақты өндірісі (қызметін 12 айдан аз уақыт жүзеге асыратын тауар өндірушілер үшін өндірістің нақты көлемі қызмет кезеңіне айларға бөлінген және 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің нақты мәлімделген көлеміне сүйене отырып анықталады);
2) жаңадан салынған немесе технологиялық жабдық бойынша жаңғыртудан өткен (құстарды күтіп-бағуға арналған жабдық, азықтандырудың, сумен жабдықтаудың, желдетудің автоматтандырылған жүйесі, құс сою желісі (сою цехы)) құс фабрикасына берілген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы;
3) санамаланған сертификаттардың (ИСО, ХАССП азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі) бірінің болуы.

САТЖАҚ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

3

Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату

4.

Суда жүзетін құс етін өндіру құнын арзандату

1) жылына 20 тонна құс етінің нақты өндірісі (қызметін 12 айдан аз уақыт жүзеге асыратын тауар өндірушілер үшін өндірістің нақты көлемі қызмет кезеңіне айларға бөлінген және 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің нақты мәлімделген көлеміне сүйене отырып анықталады);
2) құстарды күтіп-бағуға арналған қора-жайы, союға арналған жабдығы бар құс фабрикасына берілген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.

САТЖАҚ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

Импорт кезінде: финалдық нысандағы тәуліктік балапанға асыл тұқымды куәліктің (сертификаттың) және/немесе финалдық нысандағы тәуліктік балапан алынған ата-енелеріне асыл тұқымдық куәліктің (сертификаттың) және Республикалық палатада тіркелген болуы; Елдің ішінде сатып алғанда: өтінім берген сәтте финалдық нысандағы тәуліктік балапанның ата-енелерінің Республикалық палатада тіркелген болуы.

САТЖАҚ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

2.

150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс;

 

1)

200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс;

1) құс етінің нақты өндірісі жылына 20 млн. данадан бастап (қызметін 12 айдан аз уақыт жүзеге асырып келе жатқан тауар өндірушілер үшін қызмет кезеңі айларға бөлініп, 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің нақты мәлімделген көлеміне сүйене отырып айқындалады);
2) жаңадан салынған немесе технологиялық жабдықтау бойынша жаңғыртудан өткен (құстарды күтіп-бағуға арналған жабдықтар, азықтандырудың, сумен жабдықтаудың, желдетудің автоматтандырылған жүйесі, жұмыртқаларды сұрыптауға арналған автоматты машина) инфрақұрылымы бар құс фабрикасына берілген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы;
3) санамаланған сертификаттардың (ИСО, ХАССП азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі) бірінің болуы.

САТЖАҚ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

2)

150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

3)

100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс;

4)

50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

5)

20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

Өтінімді берген сәтте барлық мал басын САТЖАҚ-да және АЖБ-да тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі.

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 мамырдан 1 желтоқсанға дейін

1.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

1) аналық баста Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) аналық басты асыл тұқымды тұқымдық қошқарлармен (меншікті немесе жалға алу шартымен)
мынадай шарттарға сәйкес ұрықтандыру:
қолдан шағылыстыру кезінде жиырма бес аналық басқа кемінде бір тұқымдық қошқар және / немесе үш жүз аналық басқа кемінде бір асыл тұқымды тұқымдық қошқар не жасанды ұрықтандыру кезінде асыл тұқымды тұқымдық қошқарлардың мұздатылған тұқымын пайдалану; қолмен шағылыстыру кезінде тұқымдық қошқарды қатарынан кемінде екі шағылыстыру маусымында, жасанды ұрықтандыру кезінде - бес жылдан артық емес пайдалану;
3) төлдің тууы 75%-дан кем емес, оны САТЖАҚ-да тіркеу және анасына бекіту ((өтінім беру сәтіне дейін 12 айдан аз уақыт ішінде САТЖАҚ-да мал басын алғаш рет тіркеген тауар өндірушілерді қоспағанда);
4) ауыл шаруашылығы кооперативі үшін – ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері бойынша мәліметтердің ірі қара малдың аналық басының иелері туралы мәліметтермен сәйкестігі;
5) мал басында сәйкестендірудің электрондық тәсілдерінің болуы (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап)

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 тамыздан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

1.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

1) мынадай талаптарға сәйкес аналық басты ұрықтандыру және (немесе) өсімін молайтуда пайдалану және бұрын тұқымдық түрлендіруде пайдаланылмаған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлармен (өзінің қошқарларын немесе жалға алу шарттарында) ауыстыру: еркін шағылыстыру кезінде жиырма бес аналық басқа кемінде бір асыл тұқымды тұқымдық қошқар және/немесе үш жүз аналық басқа кемінде бір тұқымдық қошқар не қолдан ұрықтандыру кезінде асыл тұқымды тұқымдық қошқарлардың мұздатылған тұқымымен; асыл тұқымды тұқымдық қошқарды еркін шағылыстыру кезінде тұқымдық қошқарды қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау және асыл тұқымды орталықтардың қолдан ұрықтандыруы кезінде бес жылдан артық пайдаланбау;
2) асыл тұқымды тұқымдық қошқарлардың жасы ағымдағы жылдың 1 қазанына 12 айдан кем болмауы;
3) төлдің тууы 65%-дан кем емес, оны САТЖАҚ-да тіркеу және анасына бекіту (өтінім берілген сәтке дейін 12 айдан кем уақыт ішінде САТЖАҚ-да мал басын алғаш рет тіркеген тауар өндірушілерді қоспағанда);
4) ауыл шаруашылығы кооперативі үшін – ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері бойынша мәліметтердің ірі қара малдың аналық басының иелері туралы мәліметтермен сәйкестігі.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 тамыздан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

2.

Асыл тұқымды қойларды сатып алу

1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) сатып алынған мал басының жасы (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте): тұқымдық қошқарлар - 5 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда); қойлардың аналық басы - 5 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда);
3) өсімін молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өлім-жітімнің зоотехникалық нормасы шегінде пайдалану - кемінде екі жыл.

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

3.

Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдалынылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу

1) операторда тауарлық шаруашылықпен жасалған асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды отарға жалға беру шартының болуы;
2) өтінімді берген сәтте тұқымдық қошқардың САТЖАҚ-да және АЖБ-да тіркелуі және деректердің сәйкестігі;
3) аталған отарда асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау;
4) еркін шағылыстыру кезінде жиырма бес аналық басқа кемінде бір асыл тұқымды тұқымдық қошқардың болуы.

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

4.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарына өткізілген немесе орны ауыстырылған ұсақ малдың еркек дарақтарының құнын арзандату

1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да өткізілген немесе орны ауыстырылған ұсақ малдың еркек дарақтарының тіркелуі және мәліметтердің сәйкестігі;
2) бордақылау алаңдарына өткізілетін немесе орны ауыстырылатын ұсақ малдың еркек дарақтарының жасы 4 айдан 12 айға дейін қоса есептегенде;
3) бордақылау алаңдарына өткізілген немесе орны ауыстырылған ұсақ малдың еркек дарақтарының тірідей салмағы 25 килограмнан, ет өңдеуші кәсіпорнына - 30 килограмнан басталады;
4) бордақылау алаңына немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген немесе орнын ауыстырған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

5.

Қойлардың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату

1) донор ретінде пайдаланатын асыл тұқымды малда өз өнімділігі бойынша бағаның болуы;
2) эмбрионға асыл тұқымдық куәліктің (сертификаттың) болуы.

САТЖАҚ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

6.

Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық бастарын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау

1) субсидияларды алуға арналған өтінімде көрсетілген аналық мал басының САТЖАҚ-да және АЖБ-да тіркелуінің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық бастарын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша шарттың болуы;
3) осы өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша қойлардың аналық бастарын ұрықтандыру туралы актінің болуы;
4) өз өнімділігі бойынша бағаланған (бонитирлеу) асыл тұқымды тұқымдық қошқардың болуы;
5) асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды пайдалану бес жылдан аспайды.

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларды сатып алу

1) өтінім берілген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің және деректердің сәйкес болуы;
2) сатып алынған мал басының жасы (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте) - 18 айдан 60 айға дейін (қоса алғанда);
3) өсімді молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды тұқымдық айғырды өлім-жітімнің зоотехникалық нормасы шегінде кемінде екі жыл пайдалану.

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

Түйе шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды тұқымдық түйелерді сатып алу

1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) сатып алынған малдың жасы (елдің ішінен сатып алған кезде - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде, импорттаған кезде - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте) - 12 айдан 60 айға дейін (қоса алғанда);
3) өсімді молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды тұқымдық түйені өлім-жітімнің зоотехникалық нормасы шегінде кемінде екі жыл пайдалану.

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқаларды сатып алу

1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) сатып алынған жануар басының жасы: ел ішінен сатып алынған жағдайда асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде - 3 айдан 12 айға дейін (қоса алғанда);
импорт кезінде жануарды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте - 1 айдан 12 айға дейін (қоса алғанда);
3) өсімді молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды аналық басын пайдалану - кемінде екі жыл.

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

2

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

1) өтінімді берген сәтте барлық мал басын, содай-ақ кемінде 50 бас мегежінді САТЖАҚ-да және АЖБ-да тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) өсімді молайтуда аналық және шошқа басын толықтыратын басты қолдан ұрықтандыруда пайдалану немесе зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды тұқымдық еркек шошқаларды қолдан шағылыстыру кезінде елу басқа кемінде бір тұқымдық еркек шошқаны немесе қолдан ұрықтандыру кезінде екі жүз басқа кемінде бір тұқымдық еркек шошқаны пайдалану;
3) тұқымдық еркек шошқаларды қатарынан екі жылдан артық пайдаланбау;
4) мал басында сәйкестендірудің электрондық тәсілдерінің болуы (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап).

1) және 3) САТЖАҚ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл 2) САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен:

 

1.

Маралдардың (бұғылардың) аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1) өтінімді берген сәтте мал басын САТЖАҚ-да және Республикалық палатада тіркеудің болуы;
2) аталықтардың жасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 36 айдан кем болмауы;
3) отыз аналық басқа кемінде бір тұқымдық аталық;
4) тұқымдық аталықты қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау.

САТЖАҚ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

2 Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1) САТЖАҚ-да кемінде 10 балара ұясының тіркелуі және болуы және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) бекітілген есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары жөніндегі статистикалық әдіснаманың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарын есепке алу дәптерінен алынған скриншот көшірмесінің және/немесе өтінім берілген сәтке Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы №21 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20030 болып тіркелген) бекітілген "Мал шаруашылығының жай-күйі туралы есеп" (индексі 24-аш, кезеңділігі жылдық) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан үзінді көшірменің САЖ-да орналастырылуы;
2) бейіндік ғылыми-зерттеу ұйымы бекіткен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жоспарының болуы және САЖ-да орналастырылуы;
3) асыл тұқымды балара ұясын Республикалық палатада тіркеу;
4) балараларды шаруашылықта пайдаланудың орташа ұзақтығы 3 жылдан аспайды.

САТЖАҚ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл ағымдағы жылғы 20 қыркүйектен 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін
3 Ешкілердің асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу

1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) сатып алынған мал басының жасы (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте) ешкілердің басы - 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда);
3) өсімді молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өлім-жітімнің зоотехникалық нормасы шегінде пайдалану - кемінде екі жыл.

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)
4 Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да аналық мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) өтінім берген сәтте үш жастан асқан кемінде 30 бас меншікті аналық мал басының болуы;
3) сүтті сүт өңдеу кәсіпорындарына немесе есепке алу нөмірі бар сүт өңдеу цехына өткізу;
4) бие сүтінің жылдық өндіріс көлемі сауылатын биенің 1 басына 750 килограмнан аспауы тиіс.

САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

5 Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату 1) өтінімді берген сәтте аналық мал басын тіркеудің САТЖАҚ-да және АЖБ-да болуы және деректердің сәйкестігі;
2) үш жастан асқан кемінде 30 бас меншікті аналық мал басының болуы; 3) сүтті сүт өңдеу кәсіпорындарына немесе есепке алу нөмірі бар сүт өңдеу цехына өткізу;
4) түйе сүтінің жылдық өндіріс көлемі сауылатын інгеннің 1 басына 1500 килограммнан аспауы тиіс.
САТЖАҚ-мен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.