Айдар парағына өту

Уақытша тіркеу бойынша өзекті сұрақтар Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 04.07.2022

1. Әрбір азамат тұрғылықты жерінде тіркелуі керек (тұрақты және уақытша). Жеке тұрғын үй болса немесе тұрғын үй иесінің келісімімен ғана тіркеуге тұруға болады. Егер жеке тұрғын үйі болмаса және тұрғын үй иесі өз келісімін бермген жағдайда не істеу керек?               

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы заңының 23, 24-баптарына сәйкес меншік иесі немесе тұрғын үйді жалға беруге меншік иесі уәкілеттік берген тұлға жалға берілетін тұрғын үйде тұратын адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуі қажет.  

Меншік иесі өзіне тиесілі тұрғын үйде, ғимаратта және (немесе) үй-жайда тұратын жеке тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуден бас тартқан жағдайда, меншік иесі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 493-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын болады.

2. Құрылыс салушының кінәсінен мемлекеттік комиссия қабылдамаған, тұрғындарда тек техпаспорттар ғана бар үйлерде уақытша тіркелуге қатысты  Уақытша қалай тіркелуге болады? Тіркелмеген жағдайда, олар жауапқа тартыла ма?

Шынында да, қазіргі уақытта құрылыс ұйымдары пайдалануға бермеген проблемалық үйлерге байланысты мәселелер бар яғни, құрылыс салушылардың құрылыстың салынуына қарай тұрғындарды  тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарсыз заңсыз қоныстандырады.

Құжаттардың болмауы олардың белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша немесе уақытша тұратын жері бойынша тіркелуін ресімдеу мүмкіндігін болдырмайды (ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 4-тармағы) бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 492 - бабы - "Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 11-бабына сәйкес жеке тұлға кiнәсi анықталған құқық бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады. Жеке тұлғаның кiнәсiз зиян келтiргені үшiн объективтi кiнә тағуға, яғни әкiмшiлiк жауаптылыққа жол берiлмейдi.

Осыған байланысты, азаматтардың өздеріне байланысты емес себептер бойынша пайдалануға берілмеген тұрғын үйлерде тіркеусіз тұруы кінәсіз іс-әрекет болып табылатынын ескере отырып, азаматтардың осы санаты әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

3. Уақытша тіркелу үшін белгілі бір құжаттар тізімі қажет. Анықтама алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ - қа (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) бару, тағы қандай да бір құжаттар жинау немесе көші-қон ұйымына бару қажет пе?

Қазіргі уақытта азаматтар ХҚКО-ға барып та тіркеле алады,  сондай-ақ электрондық сұрау салуды ресімдеп, оны өзінің және тұрғын үй иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыра отырып, электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы да тіркеле алады.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері азаматтар ХҚКО-да өтініш берген сәтте, азаматтарды автоматтандырылған режимде тіркей алады.  

Қазіргі уақытта  уақытша және тұрақты тіркеу үшін тек тұрғын үй иесінің келісімі, оның жеке куәлігі (жеке қатысуы міндетті) және тіркелетін адамның жеке куәлігі қажет.

Тіркеу тегін жүргізіледі.

4. Ауруханаларға ХҚКО арқылы  уақытша тіркелуге бола ма немесе сол жерде тіркелу мүмкіндігі қарастырылған ба? Ол үшін ғимараттың иесі керек пе немесе қонақ үйлерге тіркелген сияқты тіркелу қажет пе?

Қонақүй қонақтары заңдарда белгіленген жалпы негіздерде тіркеледі. Бұл жағдайда тіркелу жауапкершілігі қонақүй иелері мен қонақтарға жүктеледі.

Тыныс-тіршілігін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуы бар денсаулығы бұзылған ауруханада жатқан азаматтар қажет болған жағдайда қызметті өзінің тұрғылықты орны бойынша ала алады (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" № 267 бұйрығы).

Қызмет түрін алу үшін Бірыңғай байланыс орталығы арқылы 1414 (+7 7172 906 984) өтініш берген  алушыға көрсетілетін қызметті беруші  барады.

Тіркелу үшін МТК (жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын тіркеу коды) көрсете отырып мекеменің (ұйымның) қолдаухатын ұсыну қажет.

5. Алматы қаласында бір мекенжай бойынша тіркелген, бірақ осы қала шегінде басқа мекенжай бойынша тұратын адамға тіркелу қажет пе?

Иә, егер уақытша тұратын жері бойынша бір айдан артық тұратын болса тіркелу қажет.  Тұрақты тұратын жері бойынша тіркеу сақталады.

6. Балаларды уақытша тіркеу қажет па және тіркеу қай жастан бастап қажет?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес 16 жасқа толмаған балаларды уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алу (тіркеуге) қажет емес.

7. Тіркеу кезінде тұрғын үйдің тұратын алаңының шаршы көлемі есепке алына ма?

Бүгінгі таңда заңнамада бір мекенжайға тіркелетін адам санына шектеу қойылмаған.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 493-бабына сәйкес Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi үшін жауапкершілік көзделген.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.