Денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- "электрондық үкімет" шлюзінің ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шартын (несиені) немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын куәландыратын).
- Осы нысан бойынша Бағалау жөніндегі ұйымның персоналы туралы мәліметтер.
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделетін кіші қызмет түрлеріне сәйкес қызметкерлердің бейіндері туралы мәліметтер болмаған және еңбек шарттарын ЭҮШ есепке алған жағдайда қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар.
- Бағалау жөніндегі ұйым әдіснамасын құрайтындар: стратегиялық даму жоспары, білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектері мен денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалау рәсімін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттар.
- Осы нысан бойынша симуляциялық жабдықтардың, аппаратуралардың және медициналық құрал-саймандардың тізбесі.
Көрсетілетін қызметті алушы Комитеттің кеңсесі арқылы жүгінген кезде:
Осы Стандарттың 1), 3), 5) түпнұсқалары ұсынылады;
Осы Стандарттың 2), 4), 6) көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып беріледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
1) Білім алушылардың, түлектердің білімі мен дағдыларын, Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік.
2) Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту (еркін нысанда) туралы дәлелді жауап.