Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті Мемлекеттік органда алу жолы (қажетті құжаттар):
-
Сәйкестендіру үшін жіберуші заңды тұлға басшысының жеке басын куәландыратын құжат (заңды тұлға басшысы құжаттарды ұсынған кезде).
- сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты (заңды тұлғаның уәкілетті өкілі құжаттарды ұсынған кезде);
- жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға құжаттарды ұсынған кезде);
- сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат, жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты (жеке тұлғаның өкілі құжаттарды ұсынған кезде).
-
Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға толтырылған өтініші.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтінімнің көшірмесі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат.