- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға отбасының қайта қосылуына байланысты Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- Егер көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушіге оның уақытша тұруы үшін берілетін тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, көшіп келушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім.
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адаммен отбасылық қатынастарды растайтын құжат.
- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- Егер көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушіге оның уақытша тұруы үшін берілетін тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, көшіп келушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім.
- Жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат.
- Жергілікті атқарушы орган берген шетелдіктің біліктілік сәйкестігі туралы анықтама немесе рұқсат. еңбекші көшіп келушіге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган берген рұқсат.
- ЕАЭО азаматтары үшін - уәкілетті органда (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) – "ЕШЕБЖ" еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарты немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарт.
- Қазақстан Республикасының халықтың көші - қоны саласындағы заңнамасына және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақшаның бірінші, екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген рұқсаттарды алу талап етілмейтін көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
- "Астана" халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі -АХҚО) қызметін жүзеге асыру мақсатында келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
- Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді. Бұл ретте, инвестициялық резиденттің отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі инвестициялық резиденттің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- Егер көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушіге оның уақытша тұруы үшін берілетін тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, көшіп келушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім.
- Қазақстан Республикасындағы оқу орнының қолдаухаты негізінде.
- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық медициналық мекемелерде стационарлық емделуден өту үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық ұйым берген, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емдеу немесе Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емделіп жатқан шетелдік пациентке, сондай-ақ жақын туыстарына - Қазақстан Республикасының азаматтарына не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұрақты күтім жасау қажеттігін растайтын құжаттар.
- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- Егер көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушіге оның уақытша тұруы үшін берілетін тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, көшіп келушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім.
- діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген куәлік.
- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бизнес-көшіп келушілерге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- Егер көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушіге оның уақытша тұруы үшін берілетін тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, көшіп келушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім.
- "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі - Заң) 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы орган берген құжат.
Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуға жатады.
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын куәландырады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған жағдайда қарауға қабылданады".