Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- өтініш;
- көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
- егер некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;
- көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;
- АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі;
- АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);
- балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш, анасының нұсқауы бойынша жазылған әкесі туралы мәлімет, бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда) көшiрмелері;
- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) табысы туралы мәліметтер;
- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);
- 12-қосымшаға сәйкес (он жасқа толған жағдайда) баланың (балалардың) пікірі;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың дайындықтан өткені туралы сертификат.
Құжаттар тексеру үшін түпнұсқада ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар қызмет алушыға қайтарылады.
Порталға жүгінген жағдайда:
- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың тіркеулік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- егер некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды куәландырылған келісімінің электрондық көшірмесі;
- көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) № 692 бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ № 907 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
- АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);
- АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);
- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) табысы туралы мәліметтерінің электрондық көшірмелері;
- балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш, анасының нұсқауы бойынша жазылған әкесі туралы мәлімет, № 112 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтаманың (АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда) электрондық көшiрмелері;
- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);
- осы бұйрықпен бекітілген Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес баланың (балалардың) (он жасқа толған кезде) пікірінің электрондық көшірмесі;
- жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың даярлықтан өткені туралы сертификаттың электрондық көшірмесі.
Бала (балалар) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға ұсынылатын баланың (балалардың) туу туралы куәлігін және тізбенің 7) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "бір өтініш*" қағидаты бойынша "Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш бере алады, ол жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу қорытындысы бойынша көрсетілетін болады.
*"Бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны; (бұдан әрі - "бір өтініш" қағидаты).
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша немесе қамқорлыққа мұқтаж кәмелетке толмаған баланың тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.