Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтініш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:
- 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
- білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдеу талап етілмейді.
- білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.
Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаты (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен). Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет;
- төлем туралы түбіртек (қайта жүгінген жағдайда талап етілмейді).
Осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келтіру мақсатында көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын растайтын, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсаты, практикалық тәжірибесі туралы құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері олардың нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда).
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, белгілі бір аумақта көрсетілетін қызметті алушы аталған құжаттардың көшірмелерін және мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасын (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда) ұсынады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Қызмет көрсету нәтижесі
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
- білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы куәлік;
- білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік телнұсқасы;
- мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хат.
2) порталға жүгінген кезде:
- білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы куәліктің электронды нысаны;
- мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хат.
Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.