Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу
Құрметті азаматтар!
Қызметке онлайн тапсырыс бермес бұрын тестілеу ережелері мен бағдарламаларын тексеріп алыңыз:
әкімшілік қызметке кіретін үміткер үшін: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/218350/kaz/1480
құқық қорғау қызметіне кіретін үміткер үшін: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/107343/kaz/45
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
*Аталмыш қызмет кәмелетке толған адамдар және зейнеткерлік жасқа жетпеген азаматтар үшін қол жетімді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасы:
Тестілеуден өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (55 сұрақ) кемінде 30 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша кемінде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындаудың жалпы уақыты 55 минутты құрайды.
Қызмет көрсету нәтижесі
Әкімшілік қызмет үшін:
Тестілеудің нәтижесі портал арқылы кандидаттың жеке кабинетіне 20 минут ішінде жіберіледі.
Құқық қорғау қызметі үшін:
Мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуге шекті мән белгіленбейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды түрде.



