Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат.
Сенім білдірілген адам жүгінген кезде:
- Жеке басын куәландыратын құжат.
- Мемлекеттік қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – нотариалды куәландырылған сенімхат.
Мұрагерлер жүгінген кезде:
- Жеке басын куәландыратын құжат.
- Өсиетхат – өсиетхатта көрсетілген адамдар үшін.
- Мұраға құқықтылығы туралы куәлiк – куәлікте көрсетілген адамдар үшін.
Нотариустар және шетел консулдық мекемелері жүгінген кезде – мұрагерлік іс, қайтыс болуы туралы куәлік;
Соттар жүгінген кезде - олардың өндірісіндегі істер бойынша анықтама.
Ескерту: Зейнетақы аударымдары бойынша Порталда 2 сервис ұсынылған: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру және Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу.
Бірінші сервис БЖЗҚ-дағы деректерге ұқсас деректерді көрсетеді, ал екінші сервис сіздің инвестициялық кірісті есепке алмағанда және тек соңғы жылдағы әдепкі зейнетақы аударымдарыңыздың мөлшерін көрсетеді. Сіз 2 қызметті пайдаланған боларсыз: онда инвестициялық табысты есепке алмағанда, бір жылдағы жинақ сомасы көрсетілген, сондықтан осындай айырмашылық.
Қызмет көрсету нәтижесі
Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу немесе одан бас тарту туралы дәйекті жауап.