Қызметті онлайн алу
- «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
- «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі» сайтына өту.
Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):
- Толтырылған транзиттік декларацияның парақтарды.
- 1975 жылғы ХЖТ кiтапшасын қолдана отырып халықаралық жүк тасымалдау туралы Кеден Конвенциясының ережесіне сәйкес толтырылған көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарымен қоса ХЖТ кітапшасы.
- 1961 жылғы уақытша әкелу үшін Карнет АТА туралы Кеден конвенциясы мен 1990 жылғы Уақытша әкелу туралы конвенциясына сәйкес толтырылған көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарымен қоса карнет АТА (Одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан тыс тасымалдау кезінде, егер осы мемлекеттің заңнамасымен көзделсе).
- Көліктік (тасымалдау) және коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар.
- Жолаушылар кедендік декларациясының негізгі формуляры – 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің 9-бабының 1-тармағында көрсетілген, алып жүретін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды және (немесе) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын, оларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру мақсатымен Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде кеден өкілі болмаған кезде, Одақтың кедендік аумағына әкелетін декларант дербес кедендік декларациялау кезінде транзиттік декларция ретінде оны пайдаланған жағдайда қажет.
Көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжатттарды транзиттік декларация ретінде пайдаланған кезде транзиттік декларацияның негізі көліктік (тасымалдау) құжаты құрайды, ал қалған құжаттар оның ажыратылмас бөлігі болып табылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Кедендік транзит кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру