2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) – 3 063 теңге.
- Жалақының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ) – 60 000 теңге.
- Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi (МБЗ) – 19 450 теңге.
- Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 46 302 теңге.
- Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге.
2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
- Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге.
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге.
- Зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге.
- Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге.