Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау
Қызметті Мемлекеттік органда алу жолы (қажетті құжаттар):
- Оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш.
- Оқуға түсушінің жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін).
- Ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама.
- "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 088/е нысандағы медициналық құжаттама (тұрғылықты жері бойынша медициналық-санитарлық сараптамасының анықтамасын мүгедектер ұсынады).
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.