"eGov Mobile" электрондық үкіметінің мобильді қосымшасы Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 10.04.2024Egov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасын Google Play-де (Android - тің қажетті нұсқасы – 5.0 немесе одан кейінгі нұсқасы), AppGallery, AppStore-да (iOS-тың қажетті нұсқасы – 12 немесе одан кейінгі нұсқасы) жүктеуге болады.
Мобильді қосымшаның басты беті
«EGov mobile» мобильді қосымшасы (бұдан әрі – eGov mobile) мобильді байланыс құрылғылары арқылы «электрондық үкіметтің» мемлекеттік қызметтер мен сервистерін көрсетуге арналған.
Кез-келген қосымша сияқты eGov mobile-да өзінің интерфейсі немесе мұқабасы бар, қосымшаның басты бетінде цифрлық құжаттар, eGov QR, сервистер, танымал қызметтер, цифрлық мәліметтер және өмірлік жағдайлар бар.
Цифрлық құжат - құжат түпнұсқасының аналогы болып табылады және азаматтар белсенді пайдаланатын 33 құжатты (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тесті, туу туралы куәлік және , басқасы) қамтиды.
eGov QR - құжаттарға қол қою процесін жеңілдететін балама әдіс. Оны пайдалану қажетті құжатқа жылдам қол жеткізуге және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде қол қоюға көмектеседі. QR көмегімен eGov.kz электрондық үкімет порталына кіруге және қызметтерге қол қоюға, ХҚКО-ға көрсетілген қызмет үшін мемлекеттік бажды төлеу, «Цифрлық құжаттар» сервисінде үшінші тұлғаның құжатын қарауға қол жеткізуге болады.
Сервистер — бұл белгілі бір операцияларды орындау үшін қолданылатын қосымшаның құрамдас бөлігі.
Негізгі беттегі сервистер:
- eOtinsh - мемлекеттік органдарға өтінім (өтініштер) беру үшін, сондай-ақ жолданымдарды өтінім бөлімінде де қарауға болады.
- eSalyq - бюджетпен есеп айырысу бойынша мәліметтерге қол жеткізуді ұсынады, сондай-ақ деректемелерді көрсетпей салық әмиянын толтыруға мүмкіндік береді.
- eDansaulyq - донорлық мәртебесі, электронды рецептілер, медициналық қарсы көрсетілім, жүкті әйелдерді есепке алу және диспансерлеу, емдеуге жатқызу, зертханалық зерттеулер нәтижелері және еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша халық үшін ақпаратты көрсетеді.
- Бейне-ХҚКО – бейнеқоңырау арқылы ХҚКО мәселелері бойынша консультация алуға мүмкіндік береді.
- Әлеуметтік әмиян – ваучерлерді есепке алуға және сақтауға арналған, оларды басқаруды қамтамасыз ететін жеке тұлғаның электрондық әмияны. Цифрлық ваучер – оны ұстаушының мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шараларын алу құқығын растау.
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – платформа өтініштерді жедел қарауға және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың нормаларын түсіндіруге арналған.
- eNotary – бейнеқоңырау арқылы сенімхатты, келісімді ресімдеуге немесе нотариустан консультация алуға мүмкіндік беретін сервис.
Өмірлік жағдайлар - мемлекеттік органдардың қызметтерін біртұтас құрылымға біріктіреді. Бұл блокта пайдаланушылар қажетті ақпаратты қызметтер бойынша қадамдарға бөле отырып таба алады және қызмет көрсетуге тапсырыс бере алады.
«Танымал қызметтер» ең көп сұранысқа ие қызметтер мен сервистер, қызметтердің толық тізімімен «Барлығын қарау» сілтемесіне немесе «Қызметтер» бөліміне өту арқылы танысуға болады.
«Қызметтер» бөлімінде қызметтер тақырыптар бойынша, тиісті санаттар бойынша топтастырылған, сондай-ақ қызметтер каталогында Е-лицензиялау порталы мен ХҚКО қызметтері қолжетімді.
Пайдаланушы профилі — бұл атрибуттар жиынтығымен ұсынылған қосымшаның жеке пайдаланушысының сипаттамасы, мысалы: аты-жөні, жынысы, туған күні және басқасы. «Профильде» әртүрлі мемлекеттік дерекқорлардан тартылатын дербес ақпарат көрсетілген. Профильде отбасы, денсаулық, әлеуметтік мәртебе, еңбек қызметі, жер учаскелері, әкімшілік айыппұлдар, авто және басқалар туралы ақпарат орналастырылған.
Профиль бөлімінде қолданба параметрлері, жиі қойылатын сұрақтар, виртуалды көмекші, бізбен байланысыңыз қол жетімді.
Авторизация
Қосымшада авторизациялау үшін сізге қажет:
- Жоғарғы оң жақ бұрышта «Кіру/Тіркелу» түймесін басыңыз
- Қалқымалы терезеде «Менің ЭЦҚ-ды пайдалануды» таңдау керек
- Авторизациялау және қол қою үшін ЭЦҚ-ны таңдаңыз
- Құпия сөзді енгізіңіз
- «Кіру» түймесін басыңыз
- Жылдам қол жеткізу кодын ойлап табыңыз, оны қайта енгізіңіз
- Авторизация үшін биометрияны пайдаланыңыз
ЭЦҚ алу
Қосымшада ЭЦҚ-ны алу үшін:
- Жоғарғы оң жақ бұрышта «Кіру/Тіркелу» түймесін басыңыз
- Қалқымалы терезеде «Жаңаларын шығару» тармағын таңдау керек
- Ашылған бетте «Кіру» батырмасын басыңыз
- Телефон нөмірін, SMS-тен тексеру кодын енгізіңіз, Digital id-ге тіркеліңіз.
- Бейне сәйкестендіруден өтіңіз. EGov mobile-ға жеке куәлік деректері мен телефон нөміріне кіруге рұқсат етіңіз.
- ЭЦҚ паролін ойлап табыңыз немесе ұсынылған парольді қолданыңыз
- Тіркеуді аяқтау, бар ЭЦҚ-ны құрылғының 4 таңбалы PIN кодына және кіріктірілген биометрияға (Face ID, Touch ID) байланыстырыңыз
Ескертпе: EGov mobile мобильді қосымшасынан шығарылған ЭЦҚ сертификаттары eGov mobile мобильді қосымшасында ғана пайдаланылуы мүмкін. Расталған ЭЦҚ кілттері eGov mobile мобильді қосымшасының контейнерлік қоймасында сақталады, басқа бағдарламаларға экспортталмайды және eGov mobile қосымшасын өшірген кезде өшіріледі. Қашықтықтан сәйкестендіру арқылы алынған ЭЦҚ қайта шығаруға жатпайды.