Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімде мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгей банкінде («Халық банкі» АҚ) ашылған дербес есепшотының нөмірі (IBAN).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)
- Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру ұшін қажет).
- Адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер.
- Өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Дәлелді жауап көрсетілген немесе қабылданған шешім туралы хабарлама.
Порталда әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ әлеуметтік көмек тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.