«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ағымдағы жылғы 30 маусым мен 04 шілде аралығында деректер қоры мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімсіздігі туралы хабарлайды, өйткені көшуге байланысты серверлерде техникалық жұмыстар жүргізілетін болады.
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа немесе мемлекеттiк органда қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Қаржылық кепілдік хатын беру туралы өтініш;
- Жеке куәлiгi.
Қызмет көрсету нәтижесі
"Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.