Алкоголь өніміне (шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру
Қызметті онлайн алу
- Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде pbf.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- pbf.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. "ҚР ҰБ БФ РМК есепке алу-бақылау маркаларын, акциздік маркаларды және басқа да баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру" порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу үшін (қажетті құжаттар):
- Ақпараттық жүйе арқылы 4 және 5-қосымшаларына сәйкес алкоголь өніміне ЕБМ жасауға арналған өтінімдер – жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей.
- Сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі.
- 6, 7 немесе 8, 9-қосымшаларға сәйкес ЕБМ алуға арналған өтініш – ақпараттық жүйе арқылы алкоголь өніміне ЕБМ алу мақсатында.
Импорттау кезінде:
- Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндеттемені.
- Міндеттеменің орындалуын растайтын құжатты (төлем құжаты, банк кепілдігі, кепілгерлік шарты, мүлікті кепілге қою шарты).
Қызмет көрсету нәтижесі
ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асырумен ЕБМ беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.