Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
*Онлайн қызметті баланың туу туралы жазба актісі 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жазылған азаматтар ала алады.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Көрсетілетін қызметті алушыға алуы қажет құжаттың түрін негізге ала отырып, туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) және неке құқықтық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
- ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі.
- Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) алу туралы өтініш берілген жағдайда қосымша қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері беріледі.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының болуын тексеру Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін неке құқықтық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш келіп түскен кезде АХАЖ АЖ-де он алты жастан бастап жүргізіледі.
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі.
Қайтыс болғаны туралы куәліктерден басқа, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер оларға қатысты тиісті акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ осы адамның (сенім білдірушінің) атынан өкілдік ету үшін уәкілетті адамға (сенім білдірушіге) жазбаша (нотариалды куәландырылған сенімхат) беріледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік немесе анықтамалар немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.