Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызмет көрсету нәтижесі
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.