Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Барлық міндетті өрістерді толтыру және файлдарды бекіту.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Рұқсатты ресімдеу үшін:
- еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы өтініш;
- жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртек көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);
- Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);
- Қазақстан Республикасына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынған сырқатының болмауы туралы шетелдікті медициналық куәландыру туралы анықтама;
- жүргізілген дактилоскопиялау және суретке түсіру туралы анықтама – осы мемлекеттік көрсетілетін стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (көшіп келушінің алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде еңбек рұқсатын алғаны туралы мәліметтер болған кезде дактилоскопиялау және суретке түсіру жүргізілмейді);
- медициналық сақтандырудың көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі).
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұру орны бойынша жүгінген кезде рұқсатты ұзарту үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
- еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы өтініш;
- жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртек көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);
- еңбекші көшіп келушіге бұрын берілген рұқсат;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көшіп-келуші арасында жасалған еңбек шартының көшірмесін;
- медициналық сақтандырудың көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі).
Қызмет көрсету нәтижесі
Көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады