Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса тіркеңіз.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) өңделген анықтамамен танысу және оны зейнетақы қорларына, банктерге немесе жол полициясы комитетіне ұсыныңыз
Қосымша: бірге берілетін құжаттардың рұқсат етілетін максималды көлемі 1 МБ-тан аспауы керек
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.