Міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуметтік аударымдары туралы ақпарат
Қызметті онлайн түрде қалай алуға болады
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа немесе «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның филиалдары арқылы қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Өзі жүгінген кезде:
- Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
Сенім білдірілген адам жүгінген кезде:
- Көсретілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
- Нотариат куәландырған сенімхат - көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде.
Қызмет көрсету нәтижесі
Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат.