Айдар парағына өту

Қазақстандағы туризм Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 06.04.2020

Қазақстан – қазіргі заманның ерекшеліктері мен ежелгі дәстүрлерін үйлестірген бірегей ел. Қазақстандағы туризмнің келешегі зор. Оның басты себептерінің бірі географиялық және табиғи шарттар.

Жазғы маусымда қазақстандықтар келесі демалыс орындарында демала алады:

Алакөл

Алакөл (Түрлі түсті көл) – Қазақстандағы сирек көлдердің бірі. Ол республиканың оңтүстік бөлігінде, Қытаймен шекарада орналасқан. Көл жағалаулары бірегей қара малта тастармен төселген. Алакөл көлінің суы теңіз суы сияқты құрылымға ие: сульфат-хлорид натрий. Көл суы - жылы, судың орташа температурасы - 26 градус. Көл суы тері ауруларындағы пайдалы қасиеттерге ие: псориаз, экзема, нейродемит, есекжем – тәжірибеде дәлелденген, артрит және жүйке жүйесінің ауруларында жақсы емдік әсер етеді. Көлдің керемет сулары сондай-ақ адамның жағдайын да жақсартады.

Көл бойында отбасылық жағалау маңындағы демалыс үшін қолайлы шарттар ұсынатын ондаған демалыс базалары және пансионаттар орналасқан.Көлдің үлкен қалалардан алшақтығы да рөл атқарады. Алматыдан автобус немесе автокөлікпен 9-10 сағатта жетуге болады. Көктума станциясына дейін мамыр мен тамыз аралығындағы маусымда жүретін арнайы чартерлік поезбен 16 сағатта жетуге болады.

 

Бурабай демалыс аймағы

Бурабай курорты өзінің сұлулығы, көлдерінің молдығымен, жасыл желегімен және жануарлар әлемімен  - «Қазақстан інжуі» деген поэзиялық атауға ие. Көкшетаулық қырлардың орталық бөлігін Көкшетау таулары алады, ең жоғары биіктігі теңіз деңгейінен 947 метрге жетеді. 

Бурабай – санаторийлер, профилакторийлер, демалыс үйлері, спорт-сауықтыру лагерлері аймағы. Бұнда Қазақстанның және ТМД елдерінің түкпір-түкпірінен денсаулықтарын жақсарту, табиғатпен танысу, демалу үшін ондаған мың адамдар келеді. Бурабайда тыныс алу мүшелерін және асқазан-ішек жолдары, жүрек-тамырлары жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттарының ауруларын емдейді. Бурабай өзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды суымен танымал. Курорттағы ауа әсіресе керемет, дала шөптері мен қылқанды орман исімен қаныққан таза ауа. Суға түсу маусымы маусымнан басталады. Бурабайға поезбен (электричкамен) және автобуспен жетуге болады, темір жол вокзалы және автовокзал Щучинск қаласында, Бурабайдан 25 км қашықтықта орналасқан. Орташа алғанда қонақүйлерде және пансионаттарда тұру тәулііне 5000 теңгеден басталады.

 

Балқаш көлі

Балқаш – бірден үш облыста  - Алматы Жамбыл және Қарағанды облысында орналасқан; үлкендігі бойынша кеппейтін екінші тұзды көл (Каспий теңізінен кейін) және әлемдегі ірі көлдер тізімінде 13-орынды алады.

Көлдің бірегейлігі оның судың әр түрлі сипаттамаларымен екі бөлікке тар бұғаздармен бөлінгендігінде – батыс бөлігінде ол тұщы су, ал шығыс бөлігінде – тұзды.

Бұл жерде тораңғы, тал, құрақ және қамысты кездестіруге болады. Ақ аққулар  Балқаш көлінің символы және нағыз көркі болып табылады. Қазіргі уақытта оларды тек көлдің кейбір бөліктерінде ғана көруге болады. Ал пірқазандар – өз аумағының шынайы иелері. Балқаш көлі үлкен бірқазандардың, шүрегей үйрек, қырғауылдар, бүркіттер, ақ құтандар және ондатрлардың мекендеу орны болып табылады. Бұталық қопаларда тек жабайы қабаңдар ғана кездеседі. Балқаш демалыс базалары негізінен қаладан 6-12 км қашықтықта Шұбар-Түбек және Тораңғалық кенттерінде орналасқан, онда Балқаш қаласынан  автобус немесе таксимен жетуге болады.

 

«Рахман бұлақтары»  санаториі

Санаторий Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай облысының ауданында болады. Өскеменнен 450 км қашықтықта, төрт мемлекеттің шекарасының қиылысынан алыс емес: Қазахстан, Ресей, Моңғолия және Қытай, Алтай тауларының дәл ортасында теңіз деңгейінен 1760 м.Алдымен сізге Өскеменге жету керек, өйткені  ең жақын көлік торабы мен әуежай сол жерде орналасқан, бұдан әрі - ключиге екі жолмен жетуге болады: автобуспен немесе өз автомобиліңізбен.

Рахман бұлағының су қазіргі жіктеу бойынша  «Белокурихи» санаториі және «Цхалтубо» курорты  суларына құрамы бойынша жақын және азоткремнийлі аз минералды емдік сулар тобына жатқызады, бірақ өзінің емдік күшімен асып түседі.
Радон суы ОЖЖ седативті әсер етеді, ұйқыны тереңдетеді, ауруды азайтады. Оның ықпалымен регенерация жылдамдайды, қабыну және трофикалық процестер жақсарады.
Жалпы радондық ванналардың ықпалымен жүрек-қантамырлары жүйесі қалпына келтіріледі. Сонымен қатар олар көміртекті, майлы, азотты алмасуына қалыпты әрекет етеді. Егер радон суымен ауыз сулық емдеу туралы айтатын болсақ, онда осы көрсеткіштер ретінде асқазан-ішек жолдарының аурулары қызмет етеді, асқазанның жара ауруы және ремиссия фазасындағы 12-жүзіктік тікішек.

 

Бұқтырма су қоймасы

Бұқтырма су қоймасы Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы аумағында Алтай тауларының ортасында орналасқан.

Су қоймасы Ертіс өзені Бұқтырма ГЭС плотинасында түзілді. Оны толтыру 1960 жылы басталды. 1966 жылдан бастап ағынның көп жылғы реттеуі жүзеге асырылады. Су қоймасы 2 учаскеден тұрады: өзендік — Ертіс өзенінің алабы бойынша және Зайсан көлінде, оның орнында кең өзен иірімі пайда болды. Балық аулау әуесқойлары үшін Бұқтырма су қоймасы балықтың түр-түрін ұсынады. Әрбір балықшы күш жұмсамай рипус, шортан, көксерке және алабұғаны сияқты балықтарды ғана емес, хариус, аққайран, сазан, форель, нәлім, мөңке, табан балық және басқа да көптеген балық түрлерін аулай алады. Бұқтырма су қоймасы балық аулаудан басқа құмды жағажайларында бой жазып осы таулар және биік қарағайлармен қоршалған жасанды көлдің таза суларында шомылу мүмкіндігімен туристтерді қызытырады. Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы демалыс базалары Өскемен қаласынан 80-150 км қашықтықта орналасқан, Сізге қалауыңыз бойынша көліктің кез келген түрімен (автобус, поезд немесе әуе сапары) Өскеменге жету қажет болады, содан соң Өскеменнен Бұқтырмаға автобус немесе поезбен жетуге болады.

Су қоймасында өзінің қызметтерін көптеген демалыс базалары ұсынады, соның ішінде «Голубой залив», «Алтайская бухта», «Аюда» және т.б. демалыс үйлері бар.

 

Қапшағай су қоймасы

Қапшағай су қоймасы – Алматы тұрғындары үшін келушілері көп, Қазақстандағы ірі демалыс орындарының бірі.Қапшағай су қоймасы Алматы облысының аумағындағы Іле алқабында орналасқан. Алматыдан курорттық орталыққа дейін жету өте оңай – қалаларының арасындағы қашықтық 75 км. Алматыдан поезға билет алуға, сапарлық автобусқа отыруға немесе такси алуға болады.

Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің ағынын реттеу үшін бөгет және Қапшағай аймағында ГЭС плотинасы құрылысымен  құрылған (1965-1980).Сумен толтыру 1970 жылы басталды. 

Судың температурасы мамырда-маусымда 18-20 градус, шілде-тамызда 22-28 градус, қыркүйекте 18-20. Неғұрлым игерілгені оның солтүстік жағалауы болып табылады, ол жерлерде көптеген демалыс аймақтары орналасқан. Неғұрлым беделдісі «Ермин» және «Золотые пески» болып табылады.

 

Үлкен Алматы көлі

Үлкен Алматы көлі ежелгі мұздық нәтижесінде түзілді. Бос жер қалдырып, өзінен кейін морена қалды – қалдық материалдың үйілуі: қиыршық тас, тастар, жер. Қар суы түзілген қазандықты толтырды. Алматы орталығынан 15 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2511[1] м биіктікте Іле Алатауында орналасқан биік таулы су қоймасы. Үлкен Алматы көліне келү үшін Сізге Алматыға қалауыңыз бойынша көліктің кез келген түрімен жету қажет болады – автобус, поезд, жеке автокөлік немесе әуе сапары, бұдан әрі межелі жерге дейін Сізге таксимен немесе өз автомобиліңізбен жетуге тура келеді.

Судың жаздағы температурасы – 10–12 С

Көлдің үстінде үш негізгі шың көтеріледі, оларды плотинаның солтүстік жағынан көруге болады: Кеңестер шыңы (4 317 м) – оңтүстікте; Озерный (4 110 м) – оңтүстікте, өзен алабы бойынша жоғары; Турист шыңының орманды баурайлары (3 954 м) көлден оңтүстік батысқа қарай болады. Жыл мезігіліне қарай көл өзінің түсін өзгертеді – ақшыл-көгілдір ақықтан көгілдір ақық-көгілдірге дейін.
Үстінде көлден 2 700 м биіктікте өте ежелгі мұздық алапта  «Тянь-шань астрономиялық обсерваториясы» деп аталатын тиімді куполдары бар кент орналасты. Одан да жоғары 3 300 м биіктікте, Жасыл кезең асуының маңында, – Космос сәулелерін зерттеу станциясы (Космостанция).
Үлкен Алматы көлі ең танымал демалыс орны болып есептеледі.

 

Есік көлі

Алматыдан 60 км қашықтықта теңіз деңгейінен 1 800 м биіктікте Іле Алатауының көркем шатқалдарының бірінде жасырынған Есік көлінің құрметіне аталған Есік шағын қалашығы орналасқан.

Геологтардың айтуынша, ол шамамен 8-10 мың жыл бұрын биіктігі 300 метрге жуық табиғи бөгет құрған орасан зор тау үйіндісінің нәтижесінде пайда болды. Бастапқы ұзындығы 1850 м, ені 500 м, тереңдігі 50-79 м болған. Судың түсі жасыл-көк болды, балығы болмаған. 

Қазіргі уақытта Есік көлі Қазақстанның туристік көрікті жерлерінің бірі болып табылады және оның рекреациялық маңызы бар.

 

 

Шарын шатқалы

Қазақстандағы Шарын өзені бойындағы ұзындығы 154 км шатқал. Шатқал Алматыдан шығысқа қарай 195 км қашықтықта, Қытаймен шекараға жақын жерде орналасқан. Шатқал 2004 жылы 23 ақпанда құрылған Шарын ұлттық паркінің аумағына кіреді. 

Шарын шатқалы – шөгінді жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші, олардың жасы шамамен 12 миллион жыл. Шатқалдың тауларының биіктігі 150-300 м жетеді.

Ұзындығы шамамен 2 км, ені – 20-80 м құрайтын Қамалдар аңғары деп аталатын жер туристер үшін ең қызықтысы болып табылады.

Шатқалда мұз басу  дәуірінен аман қалған реликтілік шаған түрі – Согдийлік шағаны өсетін тоғай сақталған. Дәл осындай бір тоғай тек ғана Солтүстік Америкада бар. 1964 жылдан бастап Шаған тоғайы табиғат ескерткіші болып жарияланды. Сондай-ақ, тораңғы тоғайы - азиялық терек тоғайы үлкен қызығушылық тудырады.

Саябақтың аумағында Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің саны көп. 

 

Қайыңды көлі

Көл Қазақстанның Алматы облысында орналасқан, бұл Күнгей Алатау шатқалының біріндегі танымал туризм орны. Көлдің басты көрікті жері – суда өсіп тұрған шыршалар.

Көл 1911 жылы қаңтарда Кемин жер сілкінісінің нәтижесінде пайда болды. 1980 жылдардың соңында көлдің ауданы сел тасқынынан кейін азайды.

Көлдегі судың түсі ашық көк және мөлдір. Оның тазалығы сондай, онда форель өмір сүреді.

Алайда, су айдынын өз көзімен көргендер, ол үнемі түсін өзгертіп, көгілдір, көк-жасыл болады деп айтады.  Көлдің түсіне құрамындағы мол минералдар әсер етеді, олар су астында мол.

Қазақстанның ең ерекше көлдерінің біріне жету оңай емес. Көрнекті орын Алматыдан алыс емес жерде орналасқан – 130 километр қашықтытқта ғана, бірақ ол жерге жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлікпен өтуге болады. Көлге тек жаяу ғана келеді.

 

Батыс Тянь-Шань

Батыс Тянь-Шаньге Қырғыз жотасы, Талас Алатауы, Шатқал жотасы, Құрама жотасы, Пскем жотасы, Өгем жотасы және Қаратау жатады.

Ақсу-Жабағылы ұлттық қорығы өзінің арша ормандарымен, шырынды альпі шалғындарымен, терең бұлақтары мен өзендерімен, жартастарымен танымал – бұл әсемдіктің барлығы 850 шаршы шақырымға жуық аумақты алып жатыр. 1400-ден астам өсімдіктер қорық аумағында өседі, олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген. Ақсу-Жабағылыда 238-ден астам құстар мен жануарлардың 42 түрі бар, олардың көбі жойылып кетуге жақын (мысырлық гриф, бүркіт, қара дегелек, қоңыр аю, арқар, сәндік өрмекші, қар барысы, Орталық Азия сілуесіні және т. б.).

Қазақстан, Қырғызстан және Қытай шекарасында әлемге әйгілі Хан-Тәңірі тау шыңы (7,014 м) орналасқан. Оның тамаша сұлулығы альпинистерді ғана емес, шытырман оқиғаларды іздеушілерді де тартады.

Батыс Тянь-шанада Шу, Талас және Сырдария өзендері басталады.

Мұхиттардан алыстығына байланысты ауа райы күрт құбылмалы. Оңтүстік-батыс тау бөктеріндегі орташа ауа температурасы қаңтарда - 3 - -5°С және шілдеде 20-25°С құрайды. Жоғарғы белдеудегі орташа температура қаңтарда -10 - -15°С және шілдеде 10-15°С. 

 

Ежелгі Түркістан қаласы

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – Қазақстанның Түркістан облысында Түркістан қаласында орналасқан, ақын және уағызшы Қожа Ахмет Яссауи бейітіндегі кесене.  ʺХазрет-султанʺ тарихи-мәдени қорық мұражайының аумағында орталық нысаны болып табылады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген. Қазіргі заманғы кесене өңірдегі мұсылмандар арасында үлкен беделге ие болған және Орта Азиядғы исламға елеулі ықпалын тигізген суфий ақыны Қожа Ахмет Ясауидың жерленген жерінде салынған.

Ол 1166 жылы қайтыс болды және кішкентай кесенеде үлкен абыроймен жерленген. Қазіргі кесене ол қайтыс болғаннан кейін 233 жылдан кейін Темірланның бұйрығы бойынша тұрғызылған. Қазақ хандығы заманында кесене қазақ хандарының резиденциясы болған. Бүгінде кесене сол дәуірдің ең маңызды және жақсы сақталған ғимараттарының бірі болып табылады.

Кесенеде Орталық Азиядағы ең үлкен кірпіш күмбездерінің бірі бар. Бұл кесененің басты көрікті орындарының бірі тай қазан – Шығыс мұсылман әлемі бойынша суға арналған ең үлкен тостаған. Ол, аңыз бойынша, Қарнақ ауылында Түркістан қаласынан 25 шақырым жерде жеті металл қорытпасынан құйылған. Тайқазанның беті өсімдік оюының фонында бедерлі жазулардың үш белбеуімен әшекейленген. Қазан тұтқалары лотос гүлдерінің бейнесінде жасалған және дөңгелек шығыңқыларымен кезектеседі. 1934 жылдан бастап бұл тостаған Мемлекеттік эрмитажда Ленинградта экспонатталды. 1988 жылы тай қазан кесенеге қайтарылды. 

 

Арыстан баба кесенесі

Арыстанбаб – діни мистик және уағыздаушы, Қожа Ахмет Ясауидың мұғалімі және рухани тәлімгері. 

Аңыз бойынша, Темірланның өкімі бойынша Қожа Ахмет Ясауи зиратының үстінде мешіт құрылысы басталды(1338-1405). Қабырғаларды тұрғызудың барлық әрекеттері сәтсіз болды, оларды қатты дауыл бұзып отырды, басқа нұсқасы бойынша бәрін бұзып отырған жасыл бұқа пайда болды. Әмір Темірге түсінде келген киелі алдымен Қасиетті Арыстан баб мазарының үстіне, содан кейін Қожа Ахмет Яссауи мазарының үстіне мавзолей салу керек деп айтқан. Темір солай істеді. Сондықтан қажылыққа баратындар алдымен Арыстан баб кесенесіне, содан кейін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барады.

Кесене Шымкент қаласынан 150 шақырым жерде Отырар ауданы Отырар қалашығы мен Шәуілдір ауылына жақын жерде орналасқан. Сәулет ескерткіші. Осы өңірдегі мұсылмандардың басты ғибадат орындарының бірі. 1982 жылдан бастап Арыстанбаб кесенесі мемлекеттің қорғауында. 

Қазіргі уақытта Арыстанбаб қабірінің үстінде көлемі 35×12 м кесене тұр, ол қабырғалардың беткейіндегі алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен салынған. Ұзын бас фасадтың екі жағынан мұнара орнатылған, мүсінді кірпішпен әшекейленген. Сақталған ғимарат XX ғасырдың алғашқы онжылдығында салынған, ол көлденең-осьтік композицияның көп камералы кешені болып табылады.

Кесенеде шынының астында ортағасырлық каллиграф өнерінің тамаша үлгісі – Құран орналастырылған.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.