
Донорға қойылатын талаптар
Донор - өз қанын, онымен бірге науқасқа – денсаулық, өлім аузындағы адамға - өмір сыйлайтын адам. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 203-бабына сәйкес, 18 жастан асқан дені сау, медициналық тексерістен өткен және қарама-қарсылықтар жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан және оның құрылымдарын тапсыруға ерікті тілек білдірген кез келген адам донор бола алады.
Қан тапсырар алдында мынаны білу керек:
ҚР ДСМ бұйрығы негізінде донорларды қабылдау жеке басын куәландыратын құжаттар немесе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери есепке алу құжаты болған кезде ғана жүзеге асырылады. 18 жасқа толған тұлғалар донор болуы мүмкін . Донордың салмағы кемінде 55 кг болуы тиіс.
Донациялау күндері және қан және оның компоненттерін тапсыру күнінен бір күн бұрын донорларға:
- майлы, қуырылған, ащы, сүрленген тағамдар, сүт өнімдерін жеу
- процедураға дейін екі тәулік бұрын ішімдік ішу
- процедураға дейін үш тәулік бұрын аспирин, анальгин, құрамында анальгетиктер бар басқа да препараттарды қабылдау
- процедураға дейін кемінде бір сағат бұрын темекі шегу ұсынылмайды
Донор барлық бұрыннан бар немесе ауырған аурулар туралы өзінде бұрыннан бар немесе ауырған аурулар туралы, сондай-ақ есірткі затттары, психотроптық заттар және прекурсорларды пайдалану туралы осы мәліметтердің барлығын хабарлауға міндетті.
Донор ақысыз түрде немесе белгілі бір төлем үшін қан тапсыра алады. Қан тапсырар алдында донор міндетті тегін медициналық тексерістен өтеді. Донорлық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін беріледі.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес, медициналық тексеріс және қан және оның компоненттерін тапсыру күндері, донор болып табылатын қызметкер орташа еңбекақының сақталуымен жұмыстан босатылады. Донорлық функцияны жүзеге асыратын донор орташа еңбекақының сақталуымен қосымша бір демалыс күн тегін алады. Егер донор жұмыс берушімен келіскеннен кейін қалауы бойынша жұмысқа кіріссе, басқа күн беріледі немесе бұл күн қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.
Егер донор әскери қызметкер болып табылса, қан тапсырған күндері жасақтардан, вахталардан және қызметтің басқа нысандарын атқарудан босатылады, ал студенттер, оқушылар оқудан босатылады.
Донорлық қызметті тегін жүзеге асыратын донор қан тапсырғаннан кейін ағзадағы энергия шығындары мен өз қанының көлемін толықтыру үшін таңдау бойынша тегін тамақ немесе оның ҚР Үкіметімен белгіленген 0,25 АЕК мөлшерінде оның ақшалай баламасын алады.
Сізге донорлықтан қандай жағдайларда бас тартуы мүмкін?
Сонымен біз, кім донор бола алатынын анықтадық. Бірақ осы талаптардан басқа донорлыққа белгілі бір медициналық және әлеуметтік қарама-қарсылықтар бар.
Донорлыққа тыйым салулар(донорлықтан тұрақты шеттету белгілері)
- Инфекциялық аурулар: В және С гепатиті, АИТВ-инфекциясы, ЖИТС, сифилис, туберкулез (барлық түрлері), туляремия, бөртпесүзек, лепра, В, С, АИТВ 1,2 вирустық гепатиттерінің маркерлеріне зерттеулердің оң нәтижесі, мерез.
- Инъекциялық есірткі тұтынушылары.
- Паразиттік аурулар: эхинококкоз, токсоплазмоз, трипаносомоз, филяриатоз, ришта, лейшманиоз.
- Жіті трансфузиялық кеуекті энцефалопатиялар (бұдан әрі - ЖТКЭ):
Куру, Крейтцфельда Якоба ауруы, Гертсманна-Штреуслер синдромы, отбасылық анамнезде ЖТКЭ барлығы, амиотрофикалық лейкоспонгиоз.
- Анамнезінде адам гипофизі, өсу гормондары препараттарымен емделгені туралы ақпаратты бар адамдар.
- Жүрек–қан-тамыры аурулары: II-III деңгейдегі гипертензиялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз; атеросклеротикалық кардиосклероз; облитерациялайтын эндартерит, ерекше емес аортоартрит, қайталанба тромбофлебит, эндокордиттер, миокардиттер, жүрек кемістігі (туқым қуалаған және жүре пайда болған).
- Декомпенсация кезеңінде тыныстық жетіспеушілік белгілері бар тыныс алу мүшелерінің аурулары.
- Бауырдың созылмалы аурулары гепатиттер, соның ішінде уыттық анықсыз этиологияда, бауыр циррозы.
- Бүйрек және зәр жүру жолдарының декомпенсация кезеңіндегі аурулары.
- Функция мен зат алмасуының қайтымсыз бұзылуы кезіндегі эндокринді жүйе ауруы, қант диабеті (инсулинге тәуелді нысаны).
- Орталық нерв жүйесінің органикалық аурулары.
- Дәнекер тіннің диффузиялық аурулары.
- Сәулелік ауру.
- Көру мүшелерінің аурулары: толық соқырлық.
- Тері аурулары: генерализацияланған псориаз, витилиго, терең микоздар.
- Отоларингологиялық мүшелерінің аурулары: озена, күрделі ағындағы созылмалы іріңу-қабыну аурулары.
- Қатерлі ісіктер және қан аурулары.
- Қол-аяғының біреуінің алынуымен, паренхиматозды және/немесе қуыс ағза немесе мүше (бауыр, бүйрек, өкпе, асқазан) бөлігін алумен жүргізілген операциялар.
- Созылмалы және жіті остеомелит.
- Ағзаларды трансплантаттау.
- Психикалық ауытқулар және мінез-құлық ауытқулары.
- Есту мен сөйлеуден толық айрылу.
- Анемнездегі анафилаксия расталған тұлғалар.
- Бір ағзадан артық зақымдалған аутоиммундық аурулар.
- Белгіленген генетикалық аурулар.
Қан донорлығынан уақытша шеттету белгілері
1. Гемотранмиссиялық инфекцияларды жұқтыру факторлары:
- Қан мен оның компоненттерінің трансфузиясы (күйік реконвалесценттер және резус факторға иммундалған тұлғаларды қоспағанда) – 12 ай.
- Операциялық араласулар, оның ішінде түсіктер, аппендэктомия, холецистэктомия, репродуктивтік жүйе мүшелері және амблуториялық хирургия - 4 ай.
- Аллогендік қанның сілімейлі қабаққа түсуі немесе инъекциялық инемен укол алғандар – 4 ай.
- Аллогендік дің жасушаларын енгізу – 4 ай.
- Мөлдікқабықты, мидың қатты қабатын ауыстыру – 4 ай.
- Акупунктура, татуировка және пирсинг – 4 ай.
- В және С гепатитін жұқтырғандармен тұрмыстық байланыста болғандар (донор сөздерінен анықталады) – 6 ай.
- А гепатитін жұқтырғандармен тұрмыстық байланыста болғандар (донор сөздерінен анықталады) – 35 күн.
- Қан құю жолымен таралатын аурулар бойынша эндемикалық болып табылатын, тропикалық және субтропикалық климаттық елдерде (Азия,Африка, Оңтүстік және Орталық Америка) 4 айдан астам уақыт болғандар – безгекке тестілеу нәтижесі теріс болғанда донациялауға қатыстыру 4 айдан кейін.
- Тіс экстракциясы – асқынулар жоқ болса – 10 күн, (кездейсоқ бактериемия тәуекелі салдарынан) күрделі асқынулар жоқ болғанда.
- Тәуекел нысандағы мінез-құлықтың дәлелденбеген фактілері - сексуалдық қызметтер көрсету, ретсіз жыныс қатынастарына түсу - 4 ай.
2. Ауырған аурулар және вакцинациялар:
- Безгек - клиникалық және зертханалық толық сауығу сәтінен бастап 4 ай.
- Сауығу.
- Сарып (зерттеудің зертханалық әдістерімен расталған) - клиникалық және зертханалық толық сауығу сәтінен бастап 2 жыл.
- Ішсүзек - айқын функционалдық бұзылулар болмаса, клиникалық және зертханалық толық сауығу сәтінен бастап 1 жыл.
- Ангина - сауығу кезінен бастап 1 ай.
- Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекцияСауығып, өзін-өзі қанағаттанарлық сезінгенде - 2 апта.
- Тұрақты шектеулер өлшемдеріне жатпайтын инфекциялық аурулар - жазылғаннан бастап 6 ай.
- Орналасуына қарамастан шиеленісу кезеңіндегі жіті және созылмалы аурулар - жазылғаннан бастап немесе жедел уақытысы өткеннен соң 1 ай.
- Жіті гломерулонефрит - расталған толық жазулудан кейін 5 жыл.
- Шиеленісу фазасындағы аллергиялық аурулар - шиеленісу мерзімі басылғаннан кейін 2 ай.
- Вегеттық-тамырлық дистония - емделуден кейін 1 ай.
- Q-қызбасы - толық клиникалык жазылғаннан соң 2 жыл.
- Жүктілік және бала емізу кезеңі - босанғаннан соң 1 жыл.
- Өлтірілген вакцинамен (В гепатиті, көк жөтел, паратифтер, тұмау, анатоксиндер, сіреспе, дифтерия және тағы да басқалары) егу алғандар - 2 апта.
- Тірі вакцинамен (сарып, оба, туляремия,туберкулез, қызылша,
- Эпидемиялық паротит, ішсүзекке қарсы тірі бәсендетілген вакцина, сіріспеге қарсы тірі бәсендетілген вакцина, полиомиелит және тағы басқалары) егу алғандар – 4 апта.
- Құтыршақ ауруына, кене энцефалитіне қарсы вакцина - жұқтыру көзімен байланысқа түскеннен кейін 1 жыл.
- Манту реакциясы (егілген орынының айқын қабыну белгілері болмағанда) - 2 апта.
3. Көңіл-күйі себебінен және өзге де факторлар бойынша терапевттің шеттеуі:
- Ішімдікті қабылдау - 48 сағат.
- Антибиотикі қабылдау - қабылдап болғаннан соң 2 апта.
- Анальгетиктер, салицилаттарды қабылдау - қабылдап болғаннан соң 3 күн.
- Тамыр соғуының жиілігі минутына 50-ден кем және 100-ден артық соққы, аритмия - 48 сағат.
- Систоликалық қысымы сынап бағанының (бұдан әрі – сын. бағ.мм) 180 миллиметрінен артық немесе сын. бағ. 100 мм кем - 48 сағат.
- Диастоликалық қысымы сын. бағ. 100 мм. артық немесе бағ.сын. 60 мм кем - 48 сағат.
- Дене қызуы 380С артық - 2 апта.
- Қанды тапсыру алдында түнгі ауысымдағы жұмыс - 24 сағат.
Донор болудың артықшылықтары
Тұрақты түрде қан тапсыратын адамдар қан тапсырмайтын адамдарға қарағанда инфарктпен 10 есеге сирек ауырады. Қан тапсыру арқылы, сіз жүрек-қантамырлары жүйесін бекітесіз және ағзаның өзіндік жаңартылу қызметін қосасыз.