Айдар парағына өту

Балаларды асырап алғысы келетін адамдарды есепке алу ережелері туралы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 21.09.2020

family-304918_640.pngҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары бекітілген.

Азаматтарды есепке алуды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары жүргізеді.

Азаматтар жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуды қалайтыны туралыөзінің тұрғылықты жері бойынша органға немесе Республикалық деректер банкі арқылы жазбаша өтініш (еркін нысанда) береді, оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

  1. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. Жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі;
  3. Жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама;
  4. Отбасы жағдайы туралы анықтама;
  5. Азаматтардың және жақын туыстарының денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы туралы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтама;
  6. Соттылығының болмауы туралы анықтама;
  7. Тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі;
  8. Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (баланың жақын туыстарын қоспағанда) отбасына асырап алуға ниет білдірген адамдарды оқуды аяқтағаны туралы куәліктің электрондық көшірмесі (2020 жылғы 1 шілдеден бастап).

Құжаттарды беру алдындағы азаматтарға электрондық-цифрлық қолтаңбаны рәсімдеу және жеке электрондық пошта тіркеу қажет.

Республикалық деректер банкі арқылы жүгінген жағдайда, азаматтар өз бетінше Республикалық деректер банкісіне кіреді және жеке кабинет жасау үшін "Кандидатты тіркеу" бетбелгісін жандандырады.

Жеке кабинетті жасағаннан кейін азаматтар сауалнама толтырады, құжаттардың сканерленген нұсқасын қоса беріп өз ЭЦҚ-мен қол қояды.

Орган азаматтардың Кодекстің 91-бабына сәйкес бала асырап алуға үміткер болу құқығын, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың толықтығын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Тексеру қорытындысы бойынша орган бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш түскен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізеді, оның нәтижелері бойынша тиісті акті жасайды және азаматтардың бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды дайындайды.

Азаматтар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес болған жағдайда орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік он бес жұмыс күні ішінде бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу журналына жазба енгізу арқылы оларды бала асырап алуға үміткер ретінде есепке қояды.

Органның бланкісінде орындалған оң қорытындының түпнұсқасы қорытындыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бала асырап алуға үміткерлерге беріледі. Оң қорытынды бала асырап алуға үміткерлер ретінде есепке қою үшін және бала таңдау үшін негіз болып табылады.

Әр бала асырап алуға үміткерге тұрғылықты жері бойынша органда жеке үй-жайда сақталатын жеке іс басталады.     

Азаматтар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда орган қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде азаматтардың назарына негіздемесі бар теріс қорытындыны жеткізеді. Теріс қорытынды бала асырап алуға үміткер ретінде есепке алудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Ұсынылған құжаттар азаматтардың өздеріне бір мезгілде қайтарылады.

Азаматтар келіспеген жағдайда теріс қорытындыға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сот органдарына шағымдануға болады.

Азаматтар теріс қорытындыда көрсетілген жол берілген кемшіліктерді жойған жағдайда құжаттар органға қайта қарау үшін беріледі.

Егер бала асырап алуға үміткерлер өзі тұратын аумақтағы облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада асырап алу үшін бала таңдай алмаса, бала асырап алуға үміткерлердің тұрғылықты жері бойынша орган олар тілек білдірсе, басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органына кейіннен органда бала асырап алуға үміткерлер ретінде тіркеу үшін жазбаша өтінішпен жүгінеді.

Басқа облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада тіркелгеннен кейін бала асырап алуға үміткерлер жазбаша өтініш негізінде тұрғылықты жері бойынша органда есептен шығарылады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.