Айдар парағына өту

Сот сараптамасы органдарында сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 06.12.2021

Қылмыстық процесс жүргізетін, сот, қылмысты, азаматтық, немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын органның немесе лауазымды тұлғаның қаулысы, сот-наркологиялық сараптама жасау туралы анықтамасы сараптама жүргізу үшін негіздеме болып табылады.

Қамаудағы адамдарға қатысты сот-наркологиялық сараптама (бұдан әрі - СНС) аталған адамдардың тұратын жерінде (тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы), сондай-ақ зерттеу жүргізуге қажетті жағдайлар болғанда, сот сарапшысының кабинетінде жүргізіледі.

Сот-наркологиялық сараптама өткізу мерзімдері

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген айрықша жағдайлардан басқа, сот-наркологиялық сараптамасын жүргізу мерзімі отыз тәуліктен аспауға тиіс.

Зерттеу жүргізілгеннен және сарапшы қорытындысы жасалғаннан не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлағаннан кейін үш тәулік ішінде сот сараптамасының аяқталғаны туралы хабарланады не сарапшының қорытындысы (қорытынды беру мүмкін еместігі туралы хабарлама), зерттеу объектілері және басқа да материалдар сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) беріледі (жолданады).

Сарапшылардың қорытындысы:

Зерттеу нәтижелері бойынша жазбаша түрдегі қорытынды дайындалады, ол сарапшылардың жеке қолтаңбалары және органның мөрімен бекітіледі.

Қорытындыда келесілер көрсетіледі:

  1. оның ресiмделген күнi, сот сараптамасын жүргiзудiң мерзiмдерi мен орны;
  2. сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi;
  3. сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) туралы мәлiметтер;
  4. сот сараптамасын жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сот сарапшысы (сот сарапшылары) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы);
  5. көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн жауаптылық туралы ескертiлгенін сот сарапшысының (сот сарапшыларының) қойылған қолымен куәландырылған белгi;
  6. сот сарапшысының (сот сарапшыларының) алдына қойылған мәселелер;
  7. сот сараптамасын жүргiзу кезiнде сол жерде болған процеске қатысушылар туралы және олар берген түсiндірмелер туралы мәлiметтер;
  8. зерттеу объектілері, олардың жай-күйі, орамасы, мөрмен бекемделуі, куәгерлердің қатысуы кезінде олардың қойылған қолдарымен растау;
  9. қолданылған әдiстемелерді көрсетумен зерттеулердiң мазмұны мен нәтижелерi;
  10. жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн бағалау, сот сарапшысының (сот сарапшыларының) алдына қойылған мәселелер бойынша түйіндердің негiздемесi және тұжырымы көрсетілуге тиіс.

Сарапшылардың қорытындылары төмендегілерге негізделуі тиіс:

  1. клиникалық зерттеу процесінде алынған деректерге;
  2. сот-наркологиялық сараптама жүргізуге (іс беттені көрсетумен) жатқызылатын адам туралы сипаттамалық мәліметтер; қажетті материалдар: бұрыңғы соттылығы туралы анықтама-талап, учаскелік инспекторлардың, туысқандардың берген мінездемелері бар іс материалдарындағы мәліметтерге;
  3. психиатриялық, наркологиялық ұйымдардан алынған медициналық құжаттарға;
  4. аспаптық және зертханалық зерттеу әдістерінің нәтижелері.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.