Айдар парағына өту

Тері бұйымдарын таңбалау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 10.03.2026

күзен пальто

Тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау Қазақстан Республикасында тауарлардың айналымын қадағалауды қамтамасыз ету, заңсыз айналымға қарсы іс-қимыл жасау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында қолданылады.

Табиғи аң терісінен жасалған киімдер, киімге арналған керек-жарақтар және басқа да бұйымдар ЕАЭО мемлекеттерінің тауарларды таңбалаудың бірыңғай жүйесі шеңберінде таңбаланады.

Нормативтік реттеу Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 19 қарашадағы №116 шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

Тауарларды таңбалау дегеніміз не

Тауарларды таңбалау – тауарға немесе оның қаптамасына бірегей сәйкестендіру кодын енгізу болып табылады, ол:

  • тауарды сәйкестендіруге;
  • тауар қозғалысын барлық кезеңдерде бақылауға;
  • таңбаланған тауарлар туралы ақпаратты ақпараттық жүйеде алуға мүмкіндік береді.

Сәйкестендіру құралы Data Matrix екіөлшемді штрих-коды түрінде енгізіледі және тауар туралы бірегей ақпаратты қамтиды.

Таңбалау коды келесі мәліметтерді қамтуы мүмкін:

  • сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN);
  • тауардың бірегей сериялық нөмірі;
  • ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды;
  • таңбалау қағидаларында көзделген өзге де мәліметтер.

Таңбалаудың ақпараттық жүйесі

Таңбаланған тауарлар туралы мәліметтер тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесіне беріледі, ол:

  • айналымға енгізілген тауарларды есепке алуды;
  • таңбаланған тауарлармен жасалатын операцияларды тіркеуді;
  • ЕАЭО мемлекеттері арасында ақпарат алмасуды;
  • тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың тауар туралы мәліметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Таңбалаудың жаңа жүйесіне көшу

Қазақстанда табиғи аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалаудың жаңа жүйесіне кезең-кезеңімен көшу жүргізіледі.

  • 2026 жылғы 28 ақпанға дейін бұрынғы RFID-белгілерін пайдалануға болады.
  • 2026 жылғы 1 наурыздан бастап жаңа партиядағы мех бұйымдар тек Data Matrix форматында таңбалануы тиіс.
  • 28 ақпан 2026 дейін ескі жүйемен таңбаланған тауарлар өтпелі кезеңде айналымда бола алады.
  • 2027 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан аумағында Data Matrix форматы жоқ мех бұйымдарды айналымға шығару тыйым салынады.

Бұрын қабылданған шешімдердің күшін жою

№116 шешіміне сәйкес күшін жояды:

  • 2026 жылғы 1 наурыздан бастап — 2015 жылғы 23 қарашадағы №70 шешім;
  • 2027 жылғы 1 наурыздан бастап — 2015 жылғы 2 желтоқсандағы №86 шешім және 2018 жылғы 14 қыркүйектегі №77 шешім.

Таңбалау кімдер үшін міндетті

Таңбалау талаптары келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар айналымына қатысушыларға қолданылады:

  • мех бұйымдарды өндіру;
  • тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттау;
  • мех бұйымдарды көтерме немесе бөлшек саудада өткізу.

Қазақстан аумағында ұлттық таңбалау жүйесінің жұмысы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен реттеледі.

Тауар айналымына қатысушылар тауарларға сәйкестендіру құралдарын енгізуді және таңбаланған тауарлар туралы мәліметтерді ақпараттық жүйеге белгіленген тәртіппен беруді қамтамасыз етуге міндетті

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.