Айдар парағына өту

Жеке кәсіпкерлік дегеніміз не Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 06.04.2020

Дара кәсіпкерлік дегеніміз не, ДК субъектісі кім болып табылады және дара кәсіпкерліктің жұмыс істеу шарттары қандай, бұл туралы осы мақалада оқыңыз.  

Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметi дара кәсіпкерлік болып табылады.

Өзге жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынады.

Дара кәсіпкерлік келесі түрлерде жүзеге асырылады:

  • өзіндік;
  • бірлескен кәсіпкерлік.

Өзіндік кәсіпкерлік

Өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр жеке тұлға өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

Некеде тұратын жеке тұлғаның өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруы үшін жұбайының келісімі талап етілмейді.

Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлi-зайыптылардың арасындағы өзге де келiсiмде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының нотариат куәландырған келiсiмi қажет.

Өзiндiк кәсiпкерлiк фермер қожалығы нысаны пайдаланыла отырып, жүзеге асырылуы мүмкін.

Бірлескен кәсіпкерлік

Бiрлескен кәсiпкерлiктi жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негізінде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары:     

  • ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi;
  • шаруа қожалығының ортақ бiрлескен меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғынжайға ортақ бiрлескен меншiк негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;
  • жеке кәсiпкерлiк ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай серiктестiк;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де нысандар.

Ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi жүзеге асырылған кезде ерлі-зайыптылардың бiрi жұбайының келiсiмiмен iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылар атынан әрекет етедi, бұл:

  • дара кәсiпкердi тiркеу кезiнде расталуы;
  • немесе дара кәсiпкердiң қызметi мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша көрсетiлуі және нотариат куәландыруы мүмкiн.     

Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылар атынан әрекет етуiне жұбайының келiсiмi болмаған кезде, iскерлiк айналымда әрекет ететiн жұбайы дара кәсiпкерлiктi өзiндiк кәсiпкерлiк түрінде жүзеге асырады деп көзделедi.

Дара кәсіпкерлік қызметті өз атынан жүзеге асыру

Дара кәсіпкер өз атынан:

  • кәсіпкерлік қызметпен айналысады;
  • құқықтар мен міндеттерді иеленеді және жүзеге асырады.

Азамат, оралман кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәмілелерді жасаған кезде өзінің дара кәсіпкер ретінде әрекет ететінін көрсетуге тиіс.

Мұндай көрсетудің болмауы дара кәсіпкерді өз міндеттемелері бойынша дара кәсіпкер мойнына алатын тәуекел мен жауапкершіліктен босатпайды.    

Өз қызметін жүзеге асырған кезде дара кәсіпкер мәтіндері осы адам дара кәсіпкер болып табылатындығын барынша айқын куәландыруға тиіс іскерлік құжаттаманың дербес бланкілерін, мөрді, мөртабандарды пайдалануға құқылы.

Дара кәсіпкер мәтіндері осы адам дара кәсіпкер болып табылатындығын барынша айқын куәландыруға тиіс:

  • іскерлік құжаттаманың дербес бланкілерін
  • мөрді
  • мөртабандарды пайдалануға құқылы.    

Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу

Дара кәсiпкердiң қызметi келесі жағдайда тоқтатылуы мүмкiн:

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.