Айдар парағына өту

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 18.09.2020

Меншік құқығы – заңнамалық актілермен мойындалатын және қорғалатын өзінің қалауы бойынша оған тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және басқара алатын субъектіге құқығы бар.

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезеңінен бастап туындайды.

Меншік иесінде бар жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алу-сату, айырбастау, сыйлау немесе осы мүліктен айыру туралы басқа келісім шартының негізінде басқадай тұлғамен алынуы мүмкін.

Азамат қайтыс болған жағдайда оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетпен немесе заңмен сәйкес басқадай тұлғаға мұрагерлік бойынша ауысады.

Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда оған тиесілі мүлікке меншік құқығы заңды тұлағаларға – қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мұрагерлеріне ауысады.

Қайтадан құрылған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезеңінен бастап туындайды.

Меншік иесінен мүлікті иесінің еркінсіз басқа тұлғаға тағайындау Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен ескерілген жағдайларды қоспағанда босатылмайды.

Тұтынушылық кооперативінің мүшелері (тұрғын-үй, тұрғынүй-құрылыс, саяжай, гараж және басқа да), пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа дай үй-жайға өзінің үлеспұлдық жарнасын толығымен енгізген, жарналық қорлануға құқығы бар тұлғалар, осы тұлғалармен пайдалануға кооперативтерге ұсынылғандар, аталған мүлікке меншік құқығын алады.

Жылжымайтын мүлікке меншіктілік құқығы төмендегі құжаттардың негізінде туындайды:

Жеке тұлағада:

  • сатып алу-сату шарты;
  • айырбас шарты;
  • сыйлық шарты;
  • өмір бойы қамту талабымен басыбайлы беру шарты;
  • өтеусіз беру шарты;
  • неке шарты;
  • өсиет бойынша (заң бойынша) мұрагерлікке құқық туралы куәлік;
  • жекешелендіру шарты;
  • заңдық күшіне енген сот актілері;
  • үлеспұлдық жарнаның барлық сомасын кооперативтің мүшесімен енгізу туралы құрылыс-тұрғын-үй кооперативінің анықтамалары;
  • өтеусіз беру шарты;
  • бұзудың немесе реквизицияның салдарынан өтемақы ретінде мүлікті беру шарты;
  • мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі немесе пайдалануға салынған объектіні қабылдау туралы қабылдау комиссиясының актісі;
  • тіркеу куәлігі;
  • жарғылық капиталдан үлесті бөлудің есебінен мүлікті беру туралы заңды тұлғаның шешімі;
  • атқарушы органдардың құқықтық актілері.

Заңды тұлғада:

  • сатып алу-сату шарты;
  • айырбас шарты;
  • өтеусіз беру шарты;
  • шарттың міндеттеменің күшінде жылжымайтын мүлікті беру;
  • бұзудың немесе реквизицияның салдарынан өтемақы ретінде мүлікті беру шарты немесе шешімі;
  • тапсыру актісі немесе бөліс теңгерімі;
  • заңды тұлғаның теңгеріміне мүлікті беру туралы шешімі;
  • мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі немесе пайдалануға салынған объектіні қабылдау туралы қабылдау комиссиясының актісі;
  • жарғылық капиталға жылжымайтын мүлікті салу туралы шешім (құрылтайшылық шарт, жиналыс хаттамасы);
  • атқарушы органдардың құқықтық актілері.

Құқық белгілеуші құжаттар екі данада тіркелуге ұсынылады, олардың бірі телнұсқа болып табылады және көшірмемен нотариалды куәландырылады. Осы құжаттардың телнұсқа даналары (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі) тіркелгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады.

Жер теліміне меншіктілік құқығын тіркеген кезде құқық белгілеуші құжаттан басқа жер теліміне жеке меншік құқығына актіні ұсыну қажет.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында қызмет көрсету бойынша төлемге қатысты, сіз "Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу қанша тұрады" пайдалы ақпаратынан біле аласыз.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.