Айдар парағына өту

Баланың аты мен тегін өзгерту Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 20.11.2023

паспорт Кейде қандай-да бір себептерге байланысты баланың атын, әкесінің атын немесе тегін өзгерту қажеттілігі туындайды. Ол ата-анының екеуінің де тектерін ауыстырған кезінде баланың әкесі атын өзгерткен жағдайында туындауы мүмкін. Бұл мақалада біз әрбір жағдайды толық қарастырамыз.

Мәселені «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, балаға есім ата-аналарының немесе баланың өзге де заңды өкілінің келісімі бойынша берілетіндігінен бастаған жөн.

Сіз өз балаңызға қосарланған есімді есімнің бөлек жазылған, алайда екі есімнен көп емес жағдайында бере аласыз. Әкесінің қосарланған есімде болуы жағдайында баланың әкесінің аты олардың біреуі бойынша немесе әкесінің екі атының бірге жазылған жағдайында беріледі.

Әкесінің есімі өзгерген кезде кәмелеттік жасқа толмаған баласының әкесінің аты өзгереді. Егер бала кәмелеттік жасқа толған болса, онда оның өтініш білдірген жағдайында өзгереді.

Баланың тегі ата-анасының  тектері әртүрлі болған жағдайында, олардың біреуінің тегімен анықталады. Ата-анасының қалауымен баланың тегі ұлттық дәстүрді есепке ала отырып, әкесінің, сол сияқты анасының жағынан әкесінің немесе атасының есімінен құрастырылуы мүмкін.

Баланың есімі мен (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған қарама-қайшылық  сот тәртібінде шешіледі.

Егер әкесі анықталмаса, баланың аты анасының көрсетуі бойынша беріледі, әкесінің аты баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі – анасының тегі бойынша немесе ұлттық дәстүрлер ескеріліп, баланың атасының аты бойынша беріледі.

Баланың есімі мен тегінің өзгеруіне келетін болсақ, онда кәмелеттік жасқа толмаған баланың тегі ата-анасының екеуінің де тектерін ауыстырған жағдайында өзгереді.

Баланың он алты жасқа толған мерзіміне дейін ата-анасының екі-жақты өтініші бойынша баланың есімін өзгертуге, сонымен қатар оған берілген текті өзге ата-ананың тегіне өзгертуге рұқсат беріледі.

Айырылысу кезінде бала дүниеге келген кезінде иеленген текті сақтап қалады. Ереже бойынша, ол әкесінің тегі. Сонымен қоса, егер ата-анасы некені бұзу шарттарын рәсімдемей бөлек тұрған жағдайда және бала бірге тұратын ата-анаоған өз тегін бергісі келген жағдайда, бұл мәселе нотариалды ресімделген баланың қызығушылықтары мен өзге ата-ананың пікірін ескере отырып шешіледі. Өзге ата-ананың мекенжайын анықтау мүмкіндігі болмаған, оның ата-аналық құқығын шектеу немесе айыру, іс-әрекетке қабілетсіздік деп тану жағдайларында, сонымен қатар  баланы асырау мен тәрбиелеуден бас тартқан жағдайында оның пікірін ескеру міндетті емес.

Он жасқа толған баланың атының немесе тегінің өзгеруі, заңды өкілінің қатысуымен алынған оның келісімімен ғана жүзеге асады. 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.