Айдар парағына өту

Автомобильді қалай сатуға болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 22.09.2020

Авто иеленушілер, Сіздің жеке автокөлігіңіз қандай да болмасын, ойыңызға жиі оны сату туралы ойлар келеді. Мақсатқа қаражаттың қажеттілігі, не жайлылықты жақсарту талпынысы, не жай ғана әртүрлілік үшін жатуы мүмкін. Алайда, кез-келген жағдайда, сатудан пайда алу, оның үстіне күшіңіз бен жүйкеңізді кетірмеу - әр әлеуетті сатушының қалауы. Автокөлік сатып алған немесе сатқан жағдайда жасалған мәміле туралы ұмытуға болатын тауар емес. Сатып алушының машинаны пайдалану қауіпсіздігі, Сіздің сатушы ретіндегі заңды «қауіпсіздігіңіз» – осыған ұмтылу қажет. Көлік сатып алушы нақты көлікті сатып алу шешімін рационалдық емес эмоциялық күйде қабылдап отырғанын есте сақтау керек. Маңызды әрі маңызды емес алдын-ала ескерілмеген қиындықтары туралы «темір досты» сату тақырыбында осы мақалада айтылады.

Шешім қабылданды немесе «авто сатуды қалай дайындау керек»?

Машина сату оңай емес деген фактіні ұғына отырып, бірінші оның күйіне байланысты бүгінгі күнгі құнын бағалау керек. сату құнын аздап көтермелеу үшін машинаны жөндеу немесе автоны қазіргі түрі мен техникалық қалпында сату - сіз үшін осының қайсысы тиімді болады екенін түсіну маңызды. «Машинаны жөндеу» түсінігі - ол біраз ақшаны косметикалық жөндеуге жұмсау керектігі мен автокөліктің сыртқы түрінің кемшіліктерін алып тастау екені ескеріледі.

Егер де сіз сатуды артық қаржы жұмсамай әрі жылдам жасағыңыз келсе, онда әлеуетті сатып алушыға өзіңіз біле тұра жақсы баға шегерімін жасауға мәжбүр боласыз. Бірақ, сақ болыңыз. Нарық талаптарына сай сіз сатуға дайын бағаның үстіне сауда жасау үшін бағаны 5-6% жоғары ұстауыңыз керек. Егер де автокөлікті сату үшін қосымша уақытыңыз бар болса, онда құнын шамалап 10%-ға көтеруіңізге болады.

Сатып алушылардың негізгі көпшілігі авто қорабындағы кішкене майысқан бөліктер, жасырын кемшіліктер, және де айтылғандай салонның тазалығына көңіл қояды. Егер де осының барлығын жойса, онда сіздің сатып алушыларыңызға машинаны қарау жағымды болады және мәміленің жүзеге асуына үлкен мүмкіндік туады. Машинаңызды оның керемет екендігі туралы әңгімелермен күштеп таңбаңыз, ол абайлатуы мүмкін. Тек қана сізден сұраған сұрақтарға нақты және түсінікті жауап беріңіз.

Клиент қашан да болса дұрыс істейді екенін есіңізде сақтаңыз. Егер де оның сұрақтары дұрыс болмай шектен шықса, шыдамдылық танытыңыз, өйткені сізге автоны сату қажет. Дауласпаңыз, көптеген адамдар өздерін техника мәселесінде үлкен маман ретінде санайды.

Дайындау бойынша практикалық кеңестер

Көлікті сатуға дайындау ақталмайтын шығысты білдіретінін ұмытпау керек. Мысалы, егер дайындау құны көліктің сатылу құнынан 30-40% құраса, сатудан бас тартқан жөн.

Автокөлікті сатуға дайындықты қозғалтқыш двигательден бастайсыз. Қозғалтқыш двигатель бір айналымнан жүруі үшін май мен жанармай беруін реттеп алыңыз. Түтіндеуді азайтатын және қуаттылығын жақсартатын отын құйыңыз. Сыртқы гүрілі мен тарсылын жоюға тырысыңыз.

Мотордың бөлшектері біріккен жерлерінде майдың болмашы іздерінің болуына рұқсат етіледі. Сырттан олар қозғалтқыш двигательдің булануы тәрізді көрінеді. Оларды ешбір жағдайда жуып тастамаңыз. Сатып алушы майдың қатты жылыстауы жоқ екеніне көзі жетуі керек. Бұл берілу қорабы мен ілме тораптарына бірдей қатысты.

От алдыру білтесін алып, тазалау керек, білтедегі саңылауларды 0,8 мм-ге дейін азайту керек. Қозғалтқыш двигательдің жұмысы осыдан серпіліссіз бір қалыпты болады. Автокөлікті сату алдында майын ауыстыру дұрыс болады. Егер де ол көмектеспесе, онда білтені ауыстыру қажет.

Егер де сіз трамблердің қақпағын су жұқтырмайтын препаратпен тазаласаңыз двигатель тез іске қосылады.

Сатып алушы сіздің автокөлігіңіздің батпақты және тот басқан салқындау жүйесін байқамау үшін кеңейтілген кішкентай бакты да тазалау керек.

Жетек белдіктердің сықырын жойыңыз.

Электржетекшіні тексеріп көріңіз, егер де ол дұрыс жұмыс істемесе, ақауларын жойыңыз.

Автокөлік салонын жылтыратып жуыңыз, салонның қапталған креслосының шаңын сорыңыз және тазалаңыз. Аспап-құралдар панелін жылтыратып сүртіп қойыңыз. Әлеуетті сатып алушы салоннан шыққысы келмейтіндей етіп, бәрін жасаңыз. Адамдар, әсіресе бастапқы автоәуесқой автокөлік дизайнын немесе әдемілігі мен қолайлығын ұнатып, техникалық жағына назар аудармауы мүмкін.

Жүксалғышты тәртіпке келтіріп, барлық артық заттарды алып тастаңыз да, оны тазалап қойыңыз.

Сатудан бұрын дайындау қораптың жөндеуін де көздейді. Өзіңіздің автокөлігіңізді тиімді сатқыңыз келсе, біраз шығындану керек болады. Тегістеу, бояу және тотты кетіру.

Автокөлікті сатудан бұрын бензиннің сапасына үнемдемеңіз. Автомашинаны тек қана сапалы бензинмен құюыңыз қажет.

Жалпы, өзіңіз үшін қалай жасағыңыз келсе, автокөлікті сатудан бұрын дайындықты солай жасаңыз.

Cатып алушыны қайдан табуға болады

Сатуды ресімдеу үшін жасалатын қадамдар

Сатып алу-сату шартын ресімдеу туралы толығырақ

Автокөлікті сенімхат бойынша “сатып алу – сату”

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.