Айдар парағына өту

Жылжымайтын мүлікті жалға берудегі салықтар Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 29.02.2024

блокнот, ақша және қаламЖеке кәсіпкер (бұдан әрі – ЖК) ретінде тіркелмеген жалға берушілер салық міндеттемелерін бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеу жолымен немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - ЖТС) ұсыну жолымен орындай алады.

ЖК тұрғын үйді жалға беру кезінде бюджетпен есеп айырысу кезінде патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін (бұдан әрі - АСР) пайдалануға құқылы.

Сонымен қатар, әдістердің әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен шектеулері бар.

Жеке тұлғалар үшін ЖТС бойынша декларация

Тұрғын үйді жалға беретін және ЖК ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар жыл сайын есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ЖТС бойынша декларацияны (240.00-нысан) табыс етеді және декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде алынған табыстың 10% мөлшерінде ЖТС төлейді.

Жеке тұлғалар ЖТС бойынша декларацияны (240.00-нысан) «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы немесе https://cabinet.kgd.gov.kz web-порталында Салық төлеушінің кабинеті арқылы тапсыра алады.

Егер тұрғын үй салық агентіне (ЖК, жеке практикамен айналысатын тұлға, заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері, резидент емес заңды тұлға) жалға берілген жағдайда ЖТС-ты есептеуді, ұстап қалуды және бюджетке төлеуді салық агенті төлем көзінен жүзеге асырады.

БЖТ төлеушілер

БЖТ төлейтін азаматтар 2024 жылдан бастап дара кәсіпкер болып, тиісті салық режимін таңдауы қажет. Мұндай азаматтар үшін ең қолайлы арнаулы салық режим «E-Salyq Вusiness» арнаулы мобильді қосымшасын пайдалана отырып, арнайы салық режимі болып табылады.

Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын ЖК

Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын ЖК тиісінше алынған кірістің 1% немесе 3% мөлшерлемесі бойынша ЖТС есептейді (2023 жылға дейін ЖТС төлеуден босатылған), сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңдарда белгіленген мөлшерлемелер бойынша әлеуметтік төлемдерді (әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары мен аударымдары) төлейді.

Салық есептілігін мерзімінде ұсынбағаны үшін жауапкершілік

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272 және 275-баптарына сәйкес салық есептілігін ұсынбау, сондай-ақ салық салу объектілерін және салық есептілігінде көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыру әкімшілік жазаға, оның ішінде ақшалай айыппұл түрінде өндіріп алуға әкеп соғады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.